Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Смайылов дизель отыны тапшылығы туралы: қазақстандықтар зардап шекпеуі керек

Смайылов дизель отыны тапшылығы туралы: қазақстандықтар зардап шекпеуі керек

Жанармай құю станцияларының иелерімен тиісті жұмыс жүргізу қажет, деді үкімет басшысыҮкімет басшысы Әлихан Смайылов энергетика министрлігіне егіс науқаны алдында туындаған дизель отыны тапшылығы мәселесін шешуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкімет отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов энергетика министрінен дизель отыны тапшылығы мәселесін көтерді.
"Кейбір өңірлерде дизель отыны бойынша проблема туындап отыр. Бұл азаматтардың наразылығын тудыруда. Болат Оралұлы, егіс науқаны басталардың алдында мұндай проблема қалай орын алып отыр?",- деп сұрады Смайылов.
Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың айтуынша, күзгі дала жұмыстары кезінде дизель отыны тапшылығын болдырмау үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді дизель отынымен қамтамасыз ету мақсатында әкімдіктер мен республикалық жанар-жағармай құю станциялары желілерінің қатысуымен бірқатар жиналыс өткізілді.
"Дизель отынына деген үлкен сұраныстың қалыптасу мәселесін шешу үшін барлық ресурс, бірінші кезекте, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге және автожанармай құю станцияларына бөлінеді. Екінші кезекте, қалған жанар-жағармай өнеркәсіптік кәсіпорындар мен Қазақстан темір жолына бөлініп, жетпеген жағдайда – қажетті көлемдер импортталады", - деп мәлімдеді министр.
Айтуынша, қазір мұнай өңдеу зауыттарының жоспарлы жөндеу жұмыстары мерзімін оңтайландыру және ауыстыру, сондай-ақ жүктемені ұлғайту мүмкіндігі қарастырылып жатыр.
"Күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге белгіленген баға – 1 тоннасына 222 мың теңгені (литріне 184 теңге) құрайды. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін барлық жоспарланған көлем толық орындалады", - деп сендірді Ақшолақов.
Бұл көлемдерді негізгі жеткізушілер – Қазмұнайгаз бен Петросан. Шілде айында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 106,6 мың тонна, тамыз айында – 160,7 мың тонна, қыркүйекте тағы 123,6 мың тонна дизель отыны тиеп-жөнелтіледі.
Ақшолақовтың айтуынша, энергетика министрлігі транзиттік көлік үшін және шекара периметрі бойынша дизель отынына сараланған баға белгілеуді көздейтін бұйрық жобасын әзірлеген. Баға тұрғылықты жеріне, тұтыну көлеміне және көлік түріне қарай сараланады.
Бұйрық жобасына сәйкес қазақстандықтар үшін жүргізуші куәлігі болған жағдайда – күніне лимит 100 литр дизель отыны үшін қазіргі бағамен 1 литріне 230-260 теңге, сондай-ақ жүк көлігі үшін – егер жүргізуші куәлігі және көліктің Қазақстанда тіркелгенін растайтын тіркеу куәлігі мен құжаттары бар болса, тәуліктік лимит 300 литр болады.
Қалған адамдар тобына, сондай-ақ көрсетілген көлемдерден артық дизель отыны үшін 1 литрі 450 теңгеден сатылады.
Ақшолақов фермерлерді отынмен қамтамасыз ету министрлік пен "Қазмұнайгаз" компаниясының тұрақты бақылауында екенін атап өтті. Премьер-министр Әлихан Смайылов министрге отандық нарықта жанар-жағармай тапшылығын болдырмау үшін барлық шараны уақытылы қабылдауды тапсырды.
"Жанармай құю станцияларының иелерімен тиісті жұмыс жүргізу қажет. Азаматтарымыз бен ауылшаруашылық саласы зардап шекпеуі керек", деді Смайылов.
16 тамыз 2022 ж. 567 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 83

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930