Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде жер иелері қандай заңсыздықтарға жиі барады

Елімізде жер иелері қандай заңсыздықтарға жиі барады

Елімізде жер учаскелері иелері оны пайдалануда қандай заңсыздықтарға жиі баратыны белгілі болды, деп хабарлайды inform.kz
«Мемлекеттiк жер учаскелерiн заңсыз иеленіп алу, жер учаскесін қоршау мақсатында оны қазу арқылы арқылы залал келтіру, яғни, жердің құнарлы қабатын сыдырып алу, сонымен қатар аауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi ұтымсыз пайдалану, мақсатқа сай қолданбау және бос қалдыру секілді фактілер жиі кездеседі», - делінген Ауыл шаруашылығы министрлігінің ҚазАқпарат жолдаған ресми сауал жауабында.
Сондай-ақ, ведомстводан жер учаскелерін беруде жергілікті атқарушы органдардың заңды бұзған фактілері анықталғаны айтылды.
«Өңірлердегі жерге орналастыру басқармалары жер учаскесіне құқық беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту туралы арыздарды қарауға қабылдамай келген. Осыған байланысты бюрократияға жол бермеу және өтініштерді қарау бойынша бірыңғай саясатты қалыптастыру мақсатында министрлік тарапынан осындай арыздарды атқарушылық өндіріске қабылдау және бүкіл облыстық басқармаларға жұмысқа қабылдау жөнінде жергілікті инспекцияларға хат жолданды», - дейді министрліктен.
Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігінің жыл соңына дейін 5 млн гектар жерді мемлекет меншігіне қайтару жоспарын хабарлаған едік.
02 тамыз 2023 ж. 343 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031