Қытайда 800 мыңнан астам адам «Доксури» тайфунынан зардап шекті

354,4 мың адам эвакуацияланды және 146,2 мың адам қауіпсіз аудандарға көшірілді.
Қытайдың ұлттық метеорология орталығы (ҰМО) жексенбі кешке тағы да жауын-шашынға байланысты ескертудің «қызыл» деңгейін ұзартты. ҰМО болжамы бойынша, Хэбэй, Шаньси, Хэнань, Шаньдун, Хайнань, Юньнань және Сычуань, Гуанси-Чжуан провинциялары мен Шыңжан-Ұйғыр автономды аудандарында, Ішкі Моңғолия автономды ауданында, сонымен қатар Бейжің мен Тяньцзинь орталықтан басқаратын қалаларда нөсер жаңбыр жаууы мүмкін.
Осы аудандарда жауын-шашын мөлшері сағатына 70 мм-ден артық түседі, оған күн күркіреп, жел қосылады.
Жергілікті билік органдары қажетті апаттық-құтқару жұмыстарын тиімді өткізуді қамтамасыз ету керек екенін ескертті.
ҰМО көпшілік іс-шараларды, сабақты, шаруашылық істерді тоқтата тұруға шақырып, таудан аққан тасқын, көшкін немесе сел сынды табиғат апаттары болған жағдайда қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.
Бұған дейін «Доксури» тайфуны жерге шыққан кездегі желдің жылдамдығы 50 м/с дейін жеткені хабарланған. Тайфун солтүстік-батыс бағытта қозғалып, сағатына 30 шақырым жылдамдықпен құрлықтық Қытайға барады, күші біртіндеп азаяды деген болжам бар.