Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Филиппиндегі су тасқынынан қаза тапқандар саны 44-ке жетті

Филиппиндегі су тасқынынан қаза тапқандар саны 44-ке жетті

Филиппинде нөсер жауын салдарынан болған су тасқынынан 44 адам қаза тауып, 28 адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.


Тәуекелдердің алдын алу және табиғи апаттарды жою жөніндегі ұлттық кеңестің жұма күні жарияланған баяндамасында атап өтілгендей, су тасқынынан республиканың 10 өңірінде 509,3 мыңнан астам адам зардап шекті.

Ведомствоның мәліметінше, 151 эвакуациялық пунктте 15,8 мың адам қоныс аударған. Кем дегенде 1,42 мың адам үйлерін тастап кеткен, 12 адам түрлі дене жарақаттарын алған. Республиканың тоғыз облысында су тасқыны мен көшкіндерді қоса алғанда, 434 апатқа байланысты оқиға тіркелді.

4,5 мың үй 54,9 миллион песоға (983,4 мың доллар) зиян шекті. 95 инфрақұрылым нысанына келтірілген залал 1,13 миллиард песоға (20,2 миллион доллар), ауыл шаруашылығына 232,7 миллион песоға (4,16 миллион доллар) бағаланған. Су тасқыны 129 жол мен 14 көпірді, 19 теңіз портын зақымдады. 63 қалада электр қуатының үзілуі тіркелді, бірақ 60 қалада ол қалпына келтірілді.

67 қала мен 71 муниципалитетте оқу орындарындағы сабақтар мен кәсіпорындардағы жұмыс тоқтатылды. 21 елді мекенде төтенше жағдай режимі енгізілді. Үкімет көмекке 51,4 миллион песо (920,8 мың доллар) бөлді.

Фото: inform.kz
30 желтоқсан 2022 ж. 621 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 58

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930