Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандағы байланыс операторларының тарифті көтеруіне қатысты тексеріс басталды

Қазақстандағы байланыс операторларының тарифті көтеруіне қатысты тексеріс басталды

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қазақстандықтардың ұялы байланыс операторларының тарифтерді көтеруіне қатысты шағымдарынан кейін тексеру жүргізуді бастады. Бұл туралы stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Байланыс операторларының тарифтерді өсіру туралы хабарламасы бойынша қазір агенттік құзыреті шеңберінде тиісті жұмыс жүріп жатыр.
"Тұтынушылардың шағымдары алынды, олардың негізінде сұраныстар жіберілді, бағаларға мониторинг жүргізіле бастады. Бұл ретте агенттік монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілері болған кезде бағаны көтерудің негізділігін тексеру барысында ғана белгілей алады", - делінген хабарламада.
Ақпаратта айтылғандай, тарифтер негізсіз көтерілген болса, заң бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген.
"Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 159-бабына сәйкес субъектілер өз үстемдігін пайдаланып, жоғары баға белгілеп, оны ұстап тұру жағдайы анықталса, айыппұл қарастырылады. Заң талабына сәйкес монополиялық әдіспен табылған жыл ішіндегі кірістердің бес пайызы тәркіленеді",- деп мәлімдеді бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің өкілдері.
Айта кетейік, 2022 жылы өзінің міндеттемесіне сай сапалы қызмет көрсетпеген ұялы байланыс операторларына 3,4 млрд теңге айыппұл салынған еді.
21 шілде 2023 ж. 418 0

Назым Қызайбай - финалда

13 қыркүйек 2025 ж. 128

Қазалыдағы қарбалас тірлік

13 қыркүйек 2025 ж. 124

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 116

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 119

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930