Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздегі 193 газ құю станциясы тексеріліп жатыр

Еліміздегі 193 газ құю станциясы тексеріліп жатыр

Мемлекет басшысының 5 қаңтардағы тапсырмасы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі 193 бөлшек автомобильге газ құю станциясына қатысты тергеп-тексеріп жатыр, оның 89-ы Бас прокуратурамен бірлесіп жүргізілуде, деп хабарлайды Egemen.kz ведомоствоның ресми сайтына сілтеме жасап.
Бас прокуратураның тексеруі шеңберінде Агенттік 44 нарық субъектісінің әрекеттерінде келісілген әрекет және картельдік сөз байласуды ұйымдастыру фактілерін анықтады.
Сондай-ақ қазіргі кезде прокуратура органдарының ұсыныстары негізінде Ақмола, Қызылорда және Қостанай облыстары мен Шымкент қаласы бойынша аумақтық монополияға қарсы департаменттер 32 нарық субъектісіне қатысты әкімшілік іс қозғады, материалдар сотқа жіберілді.
Солтүстік Қазақстан облысы мен Нұр-Сұлтан бойынша аумақтық монополияға қарсы департаменттер 7 нарық субъектісі бойынша материалдарды қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін қарау үшін Экономикалық тергеу департаментіне жіберді. Атырау облысында 2 нарық субъектісі бойынша таяу арада әкімшілік істер қозғалатын болады.
Сонымен қатар, прокуратура органдарынан қадағалау актілері келіп түскен жағдайда, басқа тергеп-тексерулер бойынша әкімшілік істер қозғалады. Қалған нарық субъектілері бойынша бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзушылық белгілерін анықтау бойынша жұмыс жалғасып жатыр.
21 ақпан 2022 ж. 501 0

Егемен елге еге – мен!

25 қазан 2025 ж. 127

Елімен бірге есейген

25 қазан 2025 ж. 115

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031