Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Модульдік инфекция орталығының ғимараты облыстық онкология орталығының меншігіне берілді

Модульдік инфекция орталығының ғимараты облыстық онкология орталығының меншігіне берілді

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыстық онкология орталығы биылғы 19 шiлдеден бастап модульдік инфекция орталығында халыққа қызмет көрсететін болады.
Онкология орталығы 2002 жылдан бері пациенттердің стационарлық ем қабылдауына бейімделмеген облыстық көпбейінді аурухананың әкімшілік-техникалық бөлімінде орналасқан болатын. Ендi орталық кең әрi науқастардың ем алуына толық жағдай жасалған 200 төсек-орынға арналған жаңа ғимаратта жұмысын жалғастырмақ.
Сондай-ақ, орталықтың емхана бөлімі дәрігер кеңесін алуға және жоспарлы ем қабылдауға жолданған пациенттерді де қабылдайды.
Жаңа ғимараттың әр палатасы 2-3 ем алушыға арналған. Пациенттер үшін арнайы санитарлық тораптармен (әжетхана, жуыну бөлмесі), желдеткіш, орталықтандырылған оттегімен қамтамасыз етілген.
Жансақтау бөлімі 6 төсек-орыннан 12-16 төсек-орынға дейін кеңейтілген. Жабдықталған 2 операциялық залы бар. Ғимарат қосымша жаңа компьютерлік томограф, заманауи рентген аппараты, видеоэндоскопиялық аппаратпен жабдықталған.
Айта кетейік, Көптен күткен Қызылорда облыстық онкология орталығы Қызылорда қаласы Берке хан 49 «А» мекен-жайында орналасқан.
20 шілде 2023 ж. 228 0

Кенеден кесел келмесін

22 сәуір 2025 ж. 72

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 133

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930