Қызылорда облысында модульдік стационар жұмысы іске қосылды
Бүгінгі күні Қызылорда облысында індет жұқтырған 12 784 адам тіркелсе, соның ішінде 9 828 науқас жазылды. Пневмониямен ауырған 1867 науқастың 1580-і емделіп шықты. Осы жылдың маусым-шілде айларында инфекциялық төсек-орын саны 585-тен 2340-қа дейін арттырылды. Ал реанимациялық төсек-орын 90-нан 172-ге дейін көбейтілді. Қазір жүктеме 55 пайызды құрап отыр.
Құрылысы 2020 жылы басталған модульдік стационар жұмысы іске қосылып, ковидтік науқастарды қабылдау басталды. Режимді түрде 6 оттегі шығару станциясы жұмыс жасауда. Дәрі-дәрмек қоры қалыптасқан. Коронавирус инфекциясына қарсы күрес жұмыстарына қажетті медициналық кадрлар мен құрал жабдықтар жеткілікті.
Өңірде 11 ПТР аппараты іске қосылған. Тәулігіне 1300-1500 аралығында сынама алынуда. Облыста ұжымдық иммунитетті қалыптастыру мақсатында екпе алуға қабілетті 401 мың тұрғынның 61,4% вакциналанды. Қыркүйек айында көрсеткіш 85% орындалады деп жоспарлануда. Вакцинациялау жұмыстары облыс бойынша 106 егу кабинетінде жүргізілуде, оған 133 мейірбике мен 89 дублер тартылған.
Облыста «Ashyq» жобасы арқылы 2749 нысан жұмыс жасауда.