Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "ЦОН" қызметкерлерінің жалақысы ұлғайды

"ЦОН" қызметкерлерінің жалақысы ұлғайды

Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің жалақысы көтерілді, деп хабарлайды baq.kz
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Цифрлық даму министрлігінің қолдауымен 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап Мемлекеттік корпорацияның өңірлік филиалдары қызметкерлерінің жалақысын 50%-ға көтерілетін болады.
2022 жылы Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің жалақысын екі рет көтерілген болатын. Осылайша, былтырғы өсімді есепке алғанда, жалақының жалпы өсімі 100 пайыздан астам мөлшерді құрады.
Адами капитал – ел экономикасының өсуі мен тиімді жұмыс істеуінің ең маңызды факторы. Біз қызметкерлеріміздің ел игілігі жолындағы еңбегі баға жетпес екенін және сол үшін тиісті бағасын алу керектігін түсінеміз. Сондықтан қазіргі уақытта біз корпоративтік функцияларды орталықсыздандыру бойынша жобаны іске асырып жатырмыз. Бұл филиал қызметкерлеріне сыйақыны дербес төлеуге мүмкіндік береді, - деді Мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдин.
Осылайша, Мемлекеттік корпорация бірқатар корпоративтік функцияларды жеңілдетіп, филиалдардың шешім қабылдауда жауапкершілігі мен дербестігін арттыра алды. Негізгі мақсаттардың бірі үнемделген қаражаттан филиал қызметкерлеріне берілетін сыйақы төлемдері үшін шығындарды оңтайландыру. Олардың мөлшері филиал басшылығы деңгейінде анықталалатын болады. Бұл жұмысшыларды тиімді жұмыс істеуі үшін сыйақымен қолдаудың қосымша құралы болып есептеледі.
Айта кетер болсақ, қазір Мемлекеттік корпорацияда 22 мыңға жуық қызметкер жұмыс істейді. Бұл еліміз бойынша 20 филиал, 327 фронт-офис және 671 бэк-офис, 33 мобильді халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметкерлерінің жалпы саны.
20 шілде 2023 ж. 119 0

Табиғаттың тілі жоқ

05 мамыр 2024 ж. 48

Шаттық ұялаған шаңырақ

04 мамыр 2024 ж. 96

Сақтық – саулық кепілі

04 мамыр 2024 ж. 104

Маңызды мәжіліс

04 мамыр 2024 ж. 77

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 104

Қазақ тілі трендте

03 мамыр 2024 ж. 113

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031