Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Енді еліміздегі пойыздарда қауіпсіздік бұзылған кез келген жағдайды фото және видеоға түсіруге болады

Енді еліміздегі пойыздарда қауіпсіздік бұзылған кез келген жағдайды фото және видеоға түсіруге болады

Бұдан былай Қазақстанда пойыздардағы қауіпсіздік бұзылған кез келген жағдайды фото және видеоға түсіруге болады.
"Көлік прокуратурасы "Қазақстан темір жолы "ҰК" АҚ басшылығының теміржол көлігіндегі қауіпсіздікті бұзудың кез келген жағдайларын фото және бейнетіркеуге тыйым салу туралы телеграфтық нұсқауының күшін жоюға қол жеткізді", – делінген ресми хабарламада. Ведомство мәліметінше, бұл шектеу Қазақстан Республикасы Конституциясының 20-бабының 2-тармағына қайшы келеді. Яғни, аталған тармаққа сәйкес әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы бар. Бас көлік прокуратурасының атап өтуінше, мұндай шектеу ең алдымен теміржол жолдарындағы апаттарды тергеу кезінде дәлелдер базасын жинауды қиындатқан. Сонымен қатар бұл шектеу әр түрлі оқиғаларды жасыруға жағдай жасап, жалпы осы саладағы қауіпсіздік жағдайының нашарлауына әкелуі мүмкін еді. "Бүгінгі таңда прокуратураның наразылығы толық көлемде қанағаттандырылып, тиісті нұсқау заңсыз деп танылды", – дейді көлік прокуратурасының өкілдері.
19 шілде 2023 ж. 197 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930