Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 14 шілдеге арналған ауа райы болжамы

14 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 14 шілде күні Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр жауады, солтүстік-батыста, солтүстікте найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауады. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Тек республиканың оңтүстігі мен шығысында ауа райы жауын-шашынсыз.
Синоптиктердің болжауынша, республикада жел күшейеді, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, батысында шаңды дауыл соғады.
Астанада көшпелі бұлт шығады. Кей уақытта жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына – 9-14 метр, күндіз екпіні секундына – 15-20 метр болады. Ауа температурасы – түнде +21+23°С, күндіз – +30+32°С ыстық.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел екпіні секундына – 0-5 метр. Ауа температурасы түнде – +23+25°С, күндіз – +36+38°С ыстық.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына – 8-13, 15-20 метр. Ауа температурасы түнде – +22+24, күндіз – +35+37°C ыстық.
14 шілде 2023 ж. 215 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 76

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930