45 градус ыстық: 11 шілдедегі ауа райы болжамы
Жел секундына 0-5 метр
Қазгидромет 11 шілдеде Қазақстанның әр өңірі тұрғындарын қандай ауа райы күтіп тұрғанын хабарлады, деп хабарлайды almaty.tv.
Қазгидромет 11 шілдеде Қазақстанның әр өңірі тұрғындарын қандай ауа райы күтіп тұрғанын хабарлады, деп хабарлайды almaty.tv.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен секундына 3-8 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 17-19 градус жылы, күндіз 35-37 градус жылы.
Алматыда күн ашық. Жел секундына 0-5 метр. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 30-32 градус жылы.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын жел секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде 21-23, күндіз 37-39 жылы.
Ақмола облысында жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен секундына 7-12 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 15-20, облыстың солтүстік-батысында 23 градус жылы, күндіз 33-38 градус жылы, облыстың батысында 41 градус аптап.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-батысында, солтүстігінде қысқа мерзімді жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде 23-28, облыстың батысында 20 градус жылы, күндіз өте ыстық 30-35, облыстың оңтүстігінде 38 градус жылы.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде құмды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын желдің күші 9-14, түнде шығыста, күндіз облыстың басым бөлігінде секундына 15-20 метр, күндіз облыстың шығысында екпіні секундына 25 метр. Ауа температурасы түнде 23-28 градус жылы, күндіз 31-36 градус, облыстың шығысында 39 градус ыстық болады.
Күндіз солтүстік-батыста, Маңғыстау облысының солтүстігінде аздаған жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыста, солтүстік-шығыста, облыс орталығында құмды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады 9-14, батыста, солтүстік-шығыста, облыс орталығында 15-20, екпіні секундына 23 метр. Ауа температурасы түнде 22-27, облыстың солтүстік-шығысында 30 градус жылы, күндіз 35-40 градус жылы, облыстың солтүстік-шығысында 43 градус жылы, облыстың батысында 29 градус жылы.
Күндіз Павлодар облысының оңтүстік-шығысында аздаған өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысатын жел секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 17-22 градус жылы, күндіз 34-39 градус жылы.
Түнде оңтүстікте, шығыста, күндіз Шығыс Қазақстан облысының шығысында аздаған жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстіктен соғатын желдің күші 9-14, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 8-13, облыстың оңтүстігінде 18, күндіз 27-32, облыстың шығысында 21 градус жылы.