Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 14 жасар бала SpaceX компаниясына жұмысқа шақырылды

14 жасар бала SpaceX компаниясына жұмысқа шақырылды

Калифорниялық 14 жастағы вундеркинд Кайран Квази Илон Масктің әлемдік интернетке арнап спутник шығаратын және оны ұшырумен айналысатын компаниясына инженер-бағдарламашы болып жұмысқа шақырылды, деп хабарлайды zakon.kz.
Маусым айында Кайран Квази Калифорниядағы Санта-Клара университетінің инженерлік мектебін бітіреді. Осыдан кейін ол SpaceX-тің спутниктік интернет тобына жұмысқа барады, деп жазды Los Angeles Times.
9 жасында қарапайым мектептің үшінші сыныбынан бірден университетке түскен Кайран Квази 10 жасында жұмысқа тұрмақ болған. Ол анасымен бірге жұмыс істеуге болатын компаниялардың тізімін жасап, сол компанияларға түйіндеме жіберген. Олардың хатына Intel компаниясы жауап қатыпты.
Жасөспірім түйіндемесін Илон Масктің корпорациясына биыл, сәуір айында жіберген. Көп ұзамай Instagram парақшасында суретін жариялап, сұхбатқа баратынын жазды. Бірнеше аптадан кейін ол сол компанияға жұмысқа шақырылғанын хабарлады.
"Өзім сияқты көптеген адамға есік аша аламын деген үміттемін", – дейді вундеркинд бала.
Баланың өзінің айтуынша, ол екі жасында таза с-йлес бастаған, ал тоғыз жасында мектептен жалығып кеткен соң ата-анасы Кайранды университетке жіберіпті.
Жақын арада Кайран анасымен бірге Вашингтон штатындағы Редмонд қаласына қоныс аударып, сонда жұмысқа кіріседі.
Ал Шымкенттегі сегізінші гимназияның 11-сынып оқушысы Адия Райымқұл әлемнің төрт университетінен оқуға шақырту алған болатын. Ол болашақты биоинженер және генетик болғысы келеді.
13 маусым 2023 ж. 545 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 113

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 102

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 108

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930