Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандыққа Google компаниясында жұмыс істеу бұйырды

Қазақстандыққа Google компаниясында жұмыс істеу бұйырды

Тағы бір отандасымызға әлемге әйгілі Google компаниясында жұмыс істеу бұйырды. Бұл жолы Шығыс Қазақстан облысының тумасы Жасан Байпақбаев компанияға инженер болып жұмысқа орналасты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Өзім Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы, Қаратоғай ауылында туып-өстім. Мектепті тәмамдаған соң, Алматы қаласындағы Сүлеймен Демирел атындағы университетіне «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша оқуға түстім. Ол жерден бакалавр дәрежесін алып шыққаннан кейін қазақ-британ техникалық университетін дәл сол мамандық бойныша магистратурада білімімді жалғастырдым.

Иә, мен секілді әрбір студенттің арманы Google компаниясына жұмысқа тұру екені сөзсіз. Сондай-ақ, ол жерге жұмысқа орналасу процесінің қалай жүзеге асатыны көпке мәлім. Дәлірек айтсам, ақпарат технологиялары саласының мамандары мұны жақсы біледі. Осы уақытқа дейін АҚШ-та стартап саласында біраз еңбектендім. Сол себепті бұл салада біраз тәжірибем бар деп айта аламын. Googlе компаниясына инженер маман ретінде орналастым», - дейді отандасымыз Жасан Байпақбаев.

Әрі қарай ол аталған компанияға жұмысқа тұрған соң, сол ортаға бейімделу үшін арнайы дәрістер ұйымдастырылатынын айтты. Дәрісте компанияның құрылу тарихынан бастап, онда жұмыс істеу, қызметкердің мақсаты пен міндеті туралы, сол сияқты ортаға тез сіңіп кету жолындағы пайдалы ақпараттар беріледі.

«Мен үшін ол дәрістің пайдасы көп болды. Көп жағдайда академиялық білімге назар аударып, ғылымға жақын болған жөн. Есеп шығара білу қабілеті де артық болмайды. Яғни алгоритм ережелерін терең білген дұрыс. Одан бөлек практиканың өз орны бар. Ірі компанияда істеудің тағы бір артықшылығы – қызметкердің жағдайының жасалауы. Сол себепті мұнда көптеген жастар ірі компания, холдингте жұмыс істеуді жөн көреді. Бұл – дұрыс үрдіс. Google компаниясында басқасын айтпағанның өзінде қызметкерлер үш мезгіл тамақпен, қызметтік көлікпен қамтамасыз етілген», - дейді Жасан Байпақбаев.

Жерлесіміз бос уақытында ел-жер аралап, волейбол және теннис секілді спорт түрлерімен шұғылданғанды жақсы көретінін айтты.
stan.kz
19 тамыз 2019 ж. 816 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930