Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Табиғи өртпен күресуге қажетті техникалар сатып алуға Үкіметтен 623 млн теңге бөлінеді

Табиғи өртпен күресуге қажетті техникалар сатып алуға Үкіметтен 623 млн теңге бөлінеді

Үкімет резервінен табиғи өртпен күресу үшін техникалар сатып алуға қомақты қаражат бөлінеді. Бұл туралы ақпарат Үкіметтің ресми сайтында жарияланды.
Қазақстан аумағында ірі орман өрттерінің өршуі барған сайын өзекті проблемаға айналуда. Тілсіз жаудың болжап білуге болмайтын табиғи сипаты мен өткен жылдардағы зардаптарын ескере отырып, Үкімет өрттің алдын алу шараларын күшейтпек.
Мәселен, жаңа қаулыға сәйкес Үкімет резервінен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жұмыстарына тартылатын тікұшақтарға арналған 26 жаңа су шашу құрылғысын сатып алуға 623 млн теңгеден астам қаражат бөлінеді. Олар қала маңындағы аумақтармен бірге, республиканың шалғай аудандарында да қолданылады. 10-15 секундта 5 тонна су жинап, оны 6 секунд ішінде төге алатын қосымша құрылғылардың көмегімен авиация орман алқабының үлкен аумақтарындағы өрттерді тез арада сөндіре алады.
Сонымен қатар құтқарушылардың әуе паркі өрт сөндіру, адамдарды қауіпті аймақтардан эвакуациялау және т.б. ТЖМ міндеттерін орындауға бейімделген Ми-8 тікұшақтарымен толықтырылады.
Жалпы аталған шаралар табиғи өртпен күрес кезінде арнайы қызметтердің жедел әрекет ету мүмкіндіктерін едәуір арттыруға мүмкіндік береді.
25 мамыр 2023 ж. 494 0

Доллар бағасы күрт арзандады

02 желтоқсан 2025 ж. 219

Аудан ажары арта түспек

02 желтоқсан 2025 ж. 122

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031