Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан мен Түркия арасындағы кедендік бақылау жеңілдейді

Қазақстан мен Түркия арасындағы кедендік бақылау жеңілдейді

Бұдан былай Қазақстан мен Түркия үкіметі ақпарат алмасу және кедендік бақылау рәсімдері жеңілдеуі мүмкін, деп хабарлайды baq.kz
Мәжіліс отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы ақпарат алмасуды ұйымдастыру және кедендік бақылау рәсімдерін оңайлату туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын ратификациялады.
Құжат Сенаттың қарауына жіберілді.
Заңды таныстарған Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, келісім мемлекеттердің аумағы арасында тасымалданатын тауар мен көлік құралдары бойынша деректермен электрондық алмасу арқылы кедендік бақылау жүргізу мерзімін қысқарту мен тиімділігін арттыру мақсатында жасалған.
Келісім ережелеріне сәйкес, тараптардың кедендік органдары алдын ала деректер алмасуды іске асыру мен тікелей байланысты жүзеге асыруға құзыреті бар жауапты тұлғылардың тізімін анықтайды. Сондай-ақ ақпарат алмасудың техникалық шарттарын әзірлеп, пилоттық жобаны іске асыруға кіріседі. Ол аяқталған соң кеден органдары тұрақты түрде деректермен алмасуды бастайды, - деді ведомство басшысы.
Белгілі болғандай, құжат тараптар арасындағы кедендік рәсімдерді жеңілдету мен оңтайландыруға бағытталған.
Ал жауапты комитет бұл келісімді ратификациялаудың мақсаты – мемлекеттердің аумағы арасында тасымалданатын тауар мен көлік құралдары бойынша деректермен электрондық алмасу арқылы кедендік бақылау жүргізудің тиімділігін арттыру мен мерзімін қысқарту екендігін айтты.
24 мамыр 2023 ж. 269 0

Мәдени мұра

18 сәуір 2024 ж. 75

Жанға жайлы демалыс

18 сәуір 2024 ж. 78

Қалдықсыз болашақ

18 сәуір 2024 ж. 61

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930