Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев 70 жасқа толды

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев 70 жасқа толды

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 70 жасқа толды, деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz.
ҚР Президентінің баспасөз қызметі бұған дейін хабарлағандай, Қасым-Жомарт Кемелұлы бұрынғы туған күндері сияқты, бұл жолы да мемлекет басшысы ретінде мерейтойын атап өтпейді.«Бұқаралық ақпарат құралдарынан Мемлекет басшысы туған күнін қалай атап өтетіні туралы сұрақтар келіп түсіп жатыр. Осыған орай ешқандай іс-шара жоспарланбағанын хабарлаймыз. Президент мұндай шараларды қолдамайды», - деп мәлімдеді Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай.Белгілі болғандай, Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпиннің шақыруымен Қытайға мемлекеттік сапармен барады. Ол Қытайда 19 мамырға дейін болады.Айта кетсек, кеше Президент бокстан әлем чемпионатының жүлдегерлерін қабылдаған болатын. Кездесу барысында Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Президентке бокс қолғабын сыйлады.1953 жылы 17 мамырда Алматы қаласында туған. Әкесі – Кемел Тоқаев (1923-1986) Ұлы Отан соғысының ардагері, белгілі жазушы, қазақ әдебиетінің детективті-шытырман оқиғалы жанрының негізін қалаушы. Шешесі – Тұрар Шабарбаева (1931-2000) Алматы шет тілдері педагогикалық институтында қызмет еткен.Қ.К.Тоқаев 1975 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институт бітірген.Бірнеше жылдар бойы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде жұмыс істеді.1994 жылы еліміздің Сыртқы істер министрі болып тағайындалады. 1999 жылғы наурызда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болды. 1999 жылғы қазанда Парламенттің келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Премьер-Министр болып тағайындалды.2002 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі болды. 2003-2007 жылдары – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі. Бұл қызметте жаһандық ядролық қару-жарақты таратпау үдерісіне белсенді атсалысты.2007 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының Төрағасы болып сайланды. 2008 жылы Қазақстан Парламентінің жоғары палатасының спикері ретінде ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының вице-президенті болып сайланды.2011 жылғы наурызда БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің Бас директоры, сондай-ақ Қарусыздану жөніндегі конференцияда БҰҰ Бас хатшысының жеке өкілі болып тағайындалды. Сонымен қатар Қарусыздану жөніндегі конференцияның Бас хатшысы лауазымын атқарды. ТМД-ның және Шанхай ынтымақтастық ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің төрағасы болып сайланды.2013 жылғы 16 қазанда Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының Төрағасы болып қайта сайланды.2019 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті ретінде ант қабылдады.Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың 20 қарашасында өткен кезектен тыс президент сайлауында 81,31% дауыс жинап, жеңіске жетті. 2022 жылы 26 қарашада Қазақстан Республикасы Президентін салтанатты ұлықтау рәсімі өтті.Халықаралық қатынастар мәселелеріне арналған 10 кітаптың авторы.Қазақстан Республикасының және шет елдердің көптеген мемлекеттік наградаларымен, сондай-ақ медальдармен марапатталған.Саламатты өмір салтын ұстанады. Көркем шығармаларды, саяси және мемуарлық бағыттағы әдебиеттерді оқығанды ұнатады.
17 мамыр 2023 ж. 218 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031