Шотландияда алғаш рет жүргізушісі жоқ автобустар жолға шықты
Эдинбургте Stagecoach компаниясының алғашқы автономды автобустары қолданысқа берілді. Жүргізушісіз басқарылатын автобус жолаушыларды Шотландия астанасы мен Фирт-оф-Форт шығанағының ар жағында орналасқан Файф округі арасында тасымалдайтын болады, деп хабарлайды inform.kz ВВС-ге сілтеме жасап.
Көлік ресми түрде пилотсыз деп аталғанымен, іс жүзінде екі адамнан тұратын экипаж мүшесі бар: біреуі «штурман» қызметін атқарады - автоматикада ақау болған жағдайда жол мен құрылғыларды бақылайды, екіншісі «капитан», ол көбіне билет тексереді және жолаушыларды отырғызуға көмектеседі.
Компания бір палубалы автобустар аптасына 10 мың адамға дейін тасымалдай алатынын айтады.
Автобустар борттық компьютерде белгіленген маршрут бойынша қатаң түрде ұзындығы 21 километр және 75 км/сағ аспайтын жылдамдықпен жүреді.
AB1 деп белгіленген бағыт - ел үкіметі субсидиялайтын алғашқы ресми тіркелген жүргізушісіз бағыт болды.
Stagecoach компаниясынан басқа, автобусты құрауға тағы бірнеше фирма мен ұйым қатысты, соның ішінде Enviro200AV машиналары жолда күрделі маневрлерді орындай алады, мысалы, айналмалы қозғалысты басқару, бағдаршам сигналдарын ажырату және жолақтарды өзгерту секілді.