Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Халықаралық мейіргерлер күні аталып өтті

Халықаралық мейіргерлер күні аталып өтті

Бүгін облыстық перинаталды орталығында халықаралық мейіргерлер күні салтанатты түрде аталып өтті. Бас дәрігер Олег Ким және кәсіподақ төрайымы И.Р.Нұрымбетова жиналған ұжымды кәсіби мерекелерімен құттықтап, атқарып жатқан еңбектеріне ризашылықтарын білдірді.
Салтанатты іс-шарада алдымен бас дәрігер Олег Ким «Мейіргер ісінде білім, ғылым және практиканың үштұғырлығы» атты облыстық кәсіби конкурстың сайысында «Үздік аурухана мейіргері-2023» номинациясының иегері Ақмарал Жолмаханованы марапатымен құттықтап, ұжым атынан сыйлық табыстады.
Ұзақ жылдар бойы атқарған адал еңбектері үшін және үздік мейірбикелерді Облыстық перинаталдық орталығы әкімшілігінің, кәсіподақ ұйымының атынан құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапаттады, сонымен қатар кәсіподақ ұйымы ота жасау, ересектер жансақтау, гинекология, нәрестелер, нәрестелер жансақтау, нәрестелер патологиясы, кеңес беру – диагностика, орталық залалсыздандыру бөлімшелеріне сыйлық табыстады.
Іс-шара соңында бас дәрігердің пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі жөніндегі орынбасары Сәуле Жақанова құттықтау лебіздерін білдіріп, барша мейірбикелерге алғыстарын жеткізді.
12 мамыр 2023 ж. 489 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 153

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 143

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 154

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031