Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздің 11 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Еліміздің 11 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазгидромет мамандары 5 мамыр, жұма күні бірқатар өңірде күн бұзылатынын ескертті, деп хабарлайды baq.kz.
5 мамыр күндіз Атырау облысының солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні - 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Күндіз Қостанай облысының солтүстігінде оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде облыстың оңтүстік-шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік сақталады. Облыстың орталық бөлігінде жоғары өрт қаупі күшейедді.
Қарағанды облысының оңтүстігінде шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, қарқыны - 15-20 м/с.
Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 17-22 м/с, күндіз Жалаңашкөл ауданында - 28 м/с. Түнде облыстың басым бөлігінде 1-6 градус үсік жүреді.
Ұлытау облысының оңтүстігінде шығыстан жел соғады, күндіз жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді. Түнде облыстың шығысында 2 градус үсік сақталады.
Күндіз Абай облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күші 15-20 м/с.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады. Облыстың басым бөлігінде найзағай жарқылдайды. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстігінде жер қарқыны - 15-20 м/с.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл соғады. Жел шығыстан соғады, күші - 15-20, екпіні - 23-28 м/с.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында жел қарқыны 15-20 м/с жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді.
05 мамыр 2023 ж. 276 0

Тарихтан жеткен тағылым

03 наурыз 2026 ж. 161

Жылдам байлық иллюзиясы

03 наурыз 2026 ж. 73

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031