Бірнеше өңірде дауыл соғып, жаңбыр, қар жауады
Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Жетісу облысының таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Түнде облыстың басым бөлігінде 1-6 градус үсік болады. Талдықорғанда түнде 3-5 градус үсік түседі.
Атырау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні – 17-22 м/с. Атырау қаласында кей уақытта шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.
Қызылорда облысында жел шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с шаңды дауыл соғады. Қызылорда қаласында жел шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с шаңды дауылмен сақталады.
Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с.
Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз оңтүстігінде екпіні – 15 м/с.
Маңғыстау облысының орталығында күндіз найзағай күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, орталығында 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың шығысында екпіні – 23 м/с. Ақтау қаласында күндіз шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.
Қостанай облысының солтүстігінде күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с.
Павлодар облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавл қаласында күндіз жаңбыр күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні – 15-20 м/с.
21-22 сәуірде Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығыс желіне ауысады 15-20, екпіні – 23 м/с. 21-22 сәуірде түнде облыстың таулы аудандарында 1 градус үсік сақталады.