Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 3 мамыр - Дүниежүзілік баспасөз бостандығы күні

3 мамыр - Дүниежүзілік баспасөз бостандығы күні

3 мамыр – Дүниежүзілік баспасөз бостандығы күні, деп хабарлайды baq.kz
Аdebiportal.kz порталы баспасөз бостандығы күннің шығу тарихына тоқтала кеткен екен.
1991 жылы 3 мамырда Намибия астанасы Виндхук қаласында өткен ЮНЕСКО семинарында Африкадағы тәуелсіз плюралистік баспасөзді дамытуға жәрдемдесетін Виндхук декларациясы қабылданған болатын. Намибияның астанасы Виндхукте негізі қаланған бұл декларацияның мәні – Африка құрлығы елдеріндегі баспасөз бостандығының ауқымын кеңейтуге жәрдемдесу, әлемдегі барлық мемлекеттердің үкіметтерін баспасөз бостандығы мен оның демократиялылығын қамтамасыз етуге шақыру болатын. Осы декларация негізінде Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 48-сессиясының 1993 жылы 21 желтоқсанда Дүниежүзілік баспасөз бостандығы күнін (World Press Freedom Day) жыл сайын 3 мамырда әлем бойынша атап туралы шешім қабылдаған болатын. Міне осы жылдан бастап атап өтіліп келе жатқан Дүниежүзілік баспасөз бостандығы күніне 30 жыл толып отыр.
Осы мерзім ішінде дүниежүзі бойынша баспасөз бостандығының ауқымын кеңейту, өз ой-пікірін еркін айтып жеткізу тұрғысында зор жетістіктерге қол жеткізілгенін әлемдік сарапшылар атап өтуде. Көптеген елдерде тәуелсіз БАҚ-тардың өмір сүру ауқымы арта түсуіне қазіргі заманғы сандық технологиялардың қарыштап дамуы арқылы ақпараттарды дайындау, өңдеу, беру, қабылдаудың әдіс-тәсілдері жылдамдығы орасан өзгеруі де әсер еткен. Әлемдегі баспасөз бостандығының арта түсуі демократиялық үрдістердің де қанат жаюына септігін тигізуде. Дегенмен БАҚ бостандығы бойынша ғаламдық мәселелер толығымен шешілді деуге әсте болмайды. Жалпыадамзаттық құқық аясында қарастырылатын баспасөз еркіндігі, журналистердің қауіпсіздігі, өз ойын еркін айта алу құқығы т.б. тұрғысында дүниежүзі бойынша түйткілді мәселелер шаш етектен.
Халықаралық қауымдастықтың алдында тұрған дағдарысты мәселелер, атап айтқанда түрлі қақтығыстар мен зорлық-зомбылықтар, әлеуметтік-экономикалық теңсіздіктер салдарынан туындайтын еріксіз көші-қон, адамзат баласының денсаулығы мен алаңсыз өмір сүруіне кері әсер етуші экоологиялық апаттар мен олардан туындайтын проблемалар – барлығына ақпарат құралдары тікелей араласады. Маңызды проблемаларға күллі әлемнің назарын аударта отырып, шешімін табуға, адам құқығының лайықты қорғалуына атсалысады.
Бірақ мұның бәрі айтуға ғана оңай. Жыл сайын әлемде өз қызметтік міндетін атқару барысында ондаған журналистер мен блогшылар қазаға ұшырап, жүздегені түрлі деңгейдегі психологиялық, физикалық қысымға ұшырап, қапасқа қамалып, азап шегеді. Журналистік қызмет – әлі де болса әлемдегі ең қатерлі мамандықтардың тізімінде қалуда. Посткоммунистік, постсоветтік елдердегі баспасөз бостандығы
Жалпы әлемдік үрдісте Дүниежүзілік баспасөз бостандығы күні негізінен мынадай бағыттағы іс-шараларды өткізу дәстүрге айналып келеді:
- баспасөз бостандығы қағидаттарын ұстануға құқылы екендін мәлімдеу;
- баспасөз еркіндігіне қатысты іс-қызметтердің жағдайына талдау жасау;
- баспасөз еркіндігіне қол сұғуға әрекет жасау жағдайларынан бұқаралық ақпарат құралдарын қорғау бойынша шаралар қабылдау;
- өзінің кәсіби міндеттерін атқару жолында қаза тапқан журналистерді еске алу.
Бүкіләлемдік баспасөз бостандығы рейтингісін бағалайтын Freedom House ұйымы 1980 жылдан бері әр елдегі ақпарат құралдары еркіндігіне баға беріп келе жатыр. Мұндағы басты критерий ретінде сол елдегі сөз бостандығының қамтамасыздығы; ел билігінің БАҚ-тарға жасайтын бақылау деңгейі; қарапайым журналистердің ел ауқымындағы жұмыс істеу жағдайы; осы мемлекеттегі журналистердің зорлық-зомбылыққа ұшырау оқиғалары, елдегі жалпы саяси-экономикалық жағдайды журналистердің шынайы көрсете алуы т.б. қарастырылады. 1997 жылдан бері жыл сайын 3 мамырда баспасөз бостандығына қосқан үлес үшін ЮНЕСКО сыйлығы беріліп келе жатыр.
Баспасөз бостандығы – әрбір мемлекет үшін ауадай қажет үрдіс. Бұл тұрғысында Қазақстанда да ілгерілеушілік әрекеттер жасалып жатқандығыны атап өткен жөн. Жуықтағы министрлер мен әкімдердің басын қосқан жиында мемлекет басшысы елімізді тұрақты дамыту үшін қоғамда жаңа саяси мәдениет қалыптастыру керектігіне тоқтала отырып былай деген болатын: «Геосаяси ахуал ушыққан кезде мемлекеттің және азаматтардың жауапкершілік жүгі артады. Аңдамай айтылған бір ауыз сөз, ойланбай қабылданған бір шешім елге зардабын тигізуі мүмкін. Әрине, мемлекет сөз бостандығына кепілдік береді, бірақ бұл – жүгенсіздікке жол беру деген сөз емес. Әрбір азамат елдің тыныштығы мен оның аумақтық тұтастығын сақтауға қатысты заң талаптарын мүлтіксіз орындауға міндетті. Заң мен тәртіп бар жерде ғана тұрақтылық болады. Бұл қағида – барлығына ортақ». Иә, тәуелсіздік алғалы азғана уақыт өткен біздің жас мемлекетіміз үшін қазіргі геосаяси аумалы-төкпелі заманда бейбітшілік, тұрақтылық пен тәртіп аса маңызды. Ұлттық баспасөз қазақы ұғыммен айтқанда «өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмай» мемлекеттік мүдде жолында жұдырықтай жұмылып қызмет еткенде ғана еліміздің тұрақты дамып гүлдене берері сөзсіз.
03 мамыр 2023 ж. 286 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031