Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ОТЫН САТУДЫҢ АШЫҚ МЕХАНИЗМІН ӘЗІРЛЕУ КЕРЕК – Ә.СМАЙЫЛОВ

ОТЫН САТУДЫҢ АШЫҚ МЕХАНИЗМІН ӘЗІРЛЕУ КЕРЕК – Ә.СМАЙЫЛОВ

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте тау-кен металлургия кешені мен газ саласын дамыту мәселелері қаралды, деп хабарлайды Үкіметтің ресми сайты.
Кеңеске қатысушылар перспективалы газ және газ конденсаты кен орындарын игеру, өнеркәсіптік кәсіпорындарды отынмен қамтамасыз ету шаралары, шикізатты тасымалдау үшін теміржол инфрақұрылымын дамыту және басқа да бірқатар өзекті мәселені қарады. Сонымен қатар кеңесте қыс мезгілінде халықты көмірмен қамтамасыз ету мәселесі жан-жақты талқыланды. Премьер-Министр өткен жылыту маусымындағы тәжірибеге сүйене және цифрлық шешімдерді пайдалана отырып, отынды сатудың ашық нарықтық механизмін әзірлеу қажеттігін айтты. Бұл тәсіл сауда-саттықты реттеуге, көмірді тұтынушылар арасында оның біркелкі бөлінуін қамтамасыз етуге және сұраныс артқан кезеңде бағаның негізсіз көтерілуіне жол бермейді. Кеңеске орталық мемлекеттік органдардың, «Қазақстан темір жолы» және «QazaqGaz» ұлттық компанияларының, сондай-ақ ERG компаниясының басшылары қатысты.
21 сәуір 2023 ж. 311 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 117

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 106

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 112

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930