Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда жұмбағы ашылмаған ұстахана бар

Қазалыда жұмбағы ашылмаған ұстахана бар


ҚАЗАЛЫ. ҚазАқпарат - Қазалы ауданына қарасты Бозкөл ауылында жұмбағы толық ашылмаған, талай тылсым сырды жасырған киелі ұстахана бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Темірден түрлі туынды мен зергерлік бұйым жасалатын киелі ұстахана Жәлен Ерімбетұлына тиесілі. Ол кісі ел аузында «Жәлен ата» деп аталып кеткен. Құпия сырды бүккен ұстахананың иесі 1902-1982 жылдары өмір сүрген.
Бозкөл ауының тұрғыны, ұста Мінәжат Қаниевтің айтуынша, Жәлен жастайынан ұсташылық өнерді меңгеріп, Анарбек Елбесбайұлының балға ұрушысы және шәкірті болған.
«Келе-келе Жәкеңнің қолының ептілігі, шеберлігі Анарбек ұстаға ұнаған көрінеді. Анарбектің Нәжау, Махан деген екі баласы болған. Екеуі де әкесіне жуымай, "қара дүкенге" ие болып қалуға ыңғай танытпапты. Сонымен, "қара дүкен" Жәлен атаға бұйырып, алтын-күмістен әшекей бұйымдар, ол ат әбзелдерін жасайтын зергерге айналады», - дейді Мінәжат қария.
Жәлен ұста қайтыс болғаннан кейін ұстаханаға баласы Сахит иелік қылған. Ол да асқан шебер, зергер адам болған.
«Ол кісінің жасаған бұйымдары қазіргі кезде мұражайларға қойылып, көпшіліктің назарына ұсынылған. Сахит ағамыз көзі тірі кезінде әкесі Жәлен әулие жатқан ауылдың батысындағы «Алдамжар» бейітінің қасынан орын алып, Жәкеңе зиярат етіп келгендерге арнап, түнеухана салды. Жанында су сақтайтын құдығы, сарайы, ас әзірлейтін шайласы бар. Тағы бір арнайы бөлмеге Жәкең тұтынған қара дүкеннің құралдары қойылған. Бөлменің есігінің маңдайшасында «Аманат» деген жазу бар. Ол жазуда айтарлықтай мағына жатыр. Себебі, Аманат - Сахиттің кенже баласының аты. Келешекте "қара дүкенге" ие болатын ата жолын ұстайтын осы бала болады-ау деген үлкен үміт артқан болуы керек», - дейді Мінәжат Қаниұлы.
Оның айтуынша, Сахиттың болжамы, ойлаған арманы дәл келіп, бүгінде Аманаты қара дүкенге ие болып, әкесінің жолын қуды.
Тараған аңызға қарағанда, Аманат ұста Жәлен атасының көзіне жанары қып-қызыл от болып жүретін бір үйір жылқы мен жылан көрінеді-міс. Ол жыланды әкесі Сахит көрген екен дейді.
«Біздің үйге ішімдік ішкен адам келсе, алдынан ұзын қара жылан атып шығып, ысылдап тұрып алады деген аңыз ел арасында тарап кеткен. Кезінде сол кереметті көрген адам әп-сәтте талып та қалатын жағдайлар болады екен. Ұстахана ісін бізге тастауға болмайды, біздің мақсатымыз - киелі орынды таза ұстап, көрік басып, балға ұрып, төс соғу, сол арқылы елге қызмет қылу. Бұл «қара дүкеннің» ішінде адам болмаса да кей мезгілдері дүрсілдеген, тарс-тұрс еткен дауыс шығып жатады», - дейді Аманат.
Сонымен қатар, Жәлен ұстаның немересі Ләззат Жәленованың айтуынша, атасының ұстаханасы "пері аунаған" жерге салынған-мыс.
«Ұсталардың жұмыс орынын халық «қара дүкен» деп атайды. Атам әруақ қонған кісі. Жын-перілерді жұмсайтын болған. Қалың қамыстың арасына бір қолы жоқ болса да өзі кіріп кетіп, пішен шөбін орады екен. Сонда оған перілер көмектесетін көрінеді. Расында көрік басатын ұсталық өнер кез келген жанға бұйыра бермейтін киелі іс қой. Атамыздың бір қолы болмаған, соған қарамастан шебер ұста болған. Темірден түрлі бұйымдарды жасап шығаратын. Зергерлік өнімдері де өте әдемі», - дейді Ләззат Жәленова.
Жәлен ата да, оның баласы Сахит ұста да өмірден өткенімен, "қара дүкеннің" киесі жойылған жоқ.
«Киелі ұстаханаға дертіне шипа іздеген жандар әлі күнге дейін келіп тұрады. Сахит ағамыздың зайыбы 70 жастағы он баланың анасы Күләш ем іздегендерге аналық ақ батасын беріп, жол сілтеп отырады», - дейді Мінәжат қария.
inform.kz
27 мамыр 2018 ж. 3 027 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 79

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 72

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930