Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркияның оңтүстік-шығысында тағы жер сілкінісі болды

Түркияның оңтүстік-шығысында тағы жер сілкінісі болды

Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқТүркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясында магнитудасы 4,9 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz.
Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) мәліметінше, Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясында магнитудасы 4,9 балдық жер сілкінісі болды.
«Жер сілкінісі UTC уақыты бойынша 0.39 (Астана уақыты бойынша 06.39) кезінде тіркелді. Жерасты дүмпулерінің ошағы Гоксун қаласынан оңтүстік-батысқа қарай тоғыз шақырым жерде орналасқан. Ошақ бес шақырым тереңдікте жатыр», - делінген хабарламада.
Жер сілкінісінен зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ.
Тақырыпқа орай: «2 мыңы жансақтау бөлімінде жатыр»: Түркияда жер сілкінісінен жараланғандар саны қанша
Еске салайық, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясында тоғыз сағаттық үзіліспен 7,7 және 7,6 балдық жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері елдің 11 провинциясы мен көршілес мемлекеттерде, соның ішінде Сирияда да қатты сезілді. Түркия билігі 50 мыңнан астам адамның өмірін қиған жер сілкінісін «ғасыр апаты» деп атады.
24 наурыз 2023 ж. 508 0

Доллар бағасы күрт арзандады

02 желтоқсан 2025 ж. 238

Аудан ажары арта түспек

02 желтоқсан 2025 ж. 128

Тазалық таразысы

02 желтоқсан 2025 ж. 121

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031