Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздің 10 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Еліміздің 10 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Еліміздің 10 облысында ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды baq.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Бүгін Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде аздаған бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с жетеді. Петропавлда төмен қарлы боран соғады. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады.
9 наурызда Қостанай облысының солтүстігінде, батысында түнде жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел облыстың батысында екпіні 15-20 м/с болады. Қостанайда таңертең және күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні - 15-20 м/с.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігі мен шығысында тұман, күндіз батыс пен солтүстікте көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде оңтүстік-батыстан соғатын жел - 15-20 м/с. Көкшетауда төмен қарлы боран соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні - 15-20 м/с.
Бейсенбі күні күндіз Павлодар облысының солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан соғатын желдің екпіні - 15-20 м/с. Павлодарда күндіз батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с болады.
Бүгін түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында қалың қар жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында төмен қарлы боран, көктайғақ байқалады. Жел солтүстік-батыстан, түнде солтүстікте, облыстың шығысында 15-20 м/с», - деп жазды синоптиктер.
9 наурызда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, солтүстікте оңтүстік-батыстан соғады, батыста, облыс орталығында екпіні 15-20 м/с жетеді. Оралда түнде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с.
Сондай-ақ бүгін күндіз Маңғыстау облысының шығысында шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с болады.
Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аймақтарында солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні - 15-20 м/с.
Күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда найзағай күтіледі. Шығыстан, солтүстікте оңтүстік-шығыстан соғатын жел таулы аймақтарда 15-20 м/с жетеді. Шымкентте күндіз найзағай ойнайды.
9 наурызда түнде оңтүстікте, Алматы облысының таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аймақтарында тұман, түнде жолдарда көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел, түнде шығыста, облыстың таулы аймақтарында екпіні - 15-20 м/с. Қонаев қаласында түнде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел түннің бірінші жартысында екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді. 9-10 наурызда қардың еруіне, қар жамылғысының тұрақсыз жай-күйіне,Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде күтілетін қатты жауын-шашынға байланысты қар көшкінінің жүру қаупі сақталады.
Алматыда 9 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.
09 наурыз 2023 ж. 215 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 51

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930