Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жергілікті әкімдіктердің электрондық базасында мұнай өнімдерінің есебі жүргізіледі

Жергілікті әкімдіктердің электрондық базасында мұнай өнімдерінің есебі жүргізіледі

Биыл бірінші тоқсанда жергілікті әкімдіктердің электрондық базасында өңірлік жанармай құю станцияларындағы мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін есепке алу жүйесі іске қосылады, деп хабарлайды inform.kz.
Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Сенат депутаттарының сауалына жолдаған жауабында айтты.
«Бүгінгі таңда дизель отынының бағасына көрші елдермен айтарлықтай диспаритеті байқалады. Мысалы, Қазақстанда орташа баға 235-250 теңге/литр, ал Ресейде 370-380 теңге/литр, Өзбекстанда 515-520 теңге/литр, Қырғызстанда 400-410 теңге/литр құрайды. Көрсетілген баға айырмасы мұнай өнімдерін шекара маңындағы елдерге әкетілуіне алып келді және ішкі нарықтағы маусымдық отын тапшылығының факторларының бірі болып табылады. Осыған байланысты Үкімет ішкі нарықты қамтамасыз ету және жанар-жағармай экспортының заңсыз схемаларын жою жөнінде жүйелі шаралар қабылдауда», - делінген жауапта.
Үкімет басшысы қазір ел аумағынан мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін автокөлікпен алып шығуға тыйым бар екенін еске салады.
«Сондай-ақ ресурс ұстаушылардың отынды өткізуін бақылау күшейтілді. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен «Petrosun» ЖШС-ның мұнай өнімдерін ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге, жанармай құю станциялары бөлшек сауда желілеріне және коммуналдық кәсіпорындарға басымдықпен бөлуі белгіленді. Биылғы бірінші тоқсанда жергілікті атқарушы органдардың электрондық базасында өңірлік жанармай құю станциялары желілерімен бірлесіп мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін есепке алу жүйесі іске қосылады, бұл жанар жағар май өткізуді толық бақылауға мүмкіндік береді», - деп жазады Әлихан Смайылов.
13 ақпан 2023 ж. 282 0

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж. 121

Толымды тарту

04 қараша 2025 ж. 128

Мәңгілік мұраның мекені

04 қараша 2025 ж. 108

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930