Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда дизель отыны қанша тұрады?

Қазақстанда дизель отыны қанша тұрады?

Жүргізуші куәлігі болған жағдайда дизель отыны бойынша тәуліктік лимит қазіргі бір литрі үшін 230-260 теңге баға бойынша 100 литрді, ал жүргізуші куәлігі мен техникалық құжаты бар жүк көліктері үшін 300 литрді құрайды.
Қалған адамдар тобына, сондай-ақ көрсетілген көлемнен жоғары дизель отыны 450 теңгеден сатылады.
Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдегендей, дизель отынын жөнелту тұрақсыз жүргізіліп, жанармай сатуда шектеулер бар екенін, яғни дизель отынын талон мен карта бойынша сатуға көшу, шектеу белгілеу тіркеліп отыр.
"Мен атап өткендей, мұнай өңдеу зауытындағы қор шамамен 50 мың тоннаны құрайды. Бірақ зауыттан мұнай өнімдерін жөнелту тұрақсыз, бос вагон-цистерналар жеткіліксіз көлемде жеткізіледі, вагондарды жеткізу пунктеріне дейін жеткізу мерзімінің ұлғаюы байқалады", - деген еді Ақшолақов үкімет отырысында.
Министр логистика тізбегінің барлық буынының – мұнай өңдеу зауыттары, ҚМГ, ҚТЖ, сондай-ақ мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмысы қажет екенін айтты.
Argus сервисінің мәліметінше, ЕАЭО-ға мүше елдерде 1 тамыздағы жағдай бойынша дизель отынының бағасы мынандай:
Арменияда – 758 теңге/литр;
Ресейде – 446 теңге/литр;
Қырғызстанда – 412 теңге/литр;
Беларусьте – 446 теңге/литр.
29 тамыз 2022 ж. 918 0

Толымды тарту

04 қараша 2025 ж. 124

Мәңгілік мұраның мекені

04 қараша 2025 ж. 104

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930