Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ҰҚК арнайы операциясы: 16 тонна есірткі тәркіленді

ҰҚК арнайы операциясы: 16 тонна есірткі тәркіленді

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде ірі көлемде көкнәр шикізатын сату қылмысына қатысы бар есірткімен айналысатын топтың заңға қайшы іс-әрекетінің жолын кесті, деп жазады inbusiness.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жедел зерделеу жұмысының нәтижесінде Петропавл қаласында есірткі қылмысына қатысты топтың көмекшілері ұсталып, 5,5 тоннаға жуық аталған апиын түрі алынды. Бұл операцияның екінші кезеңінде Өскеменде 1 тонна көкнәр шикізатын алу үстінде есірткі курьері ұсталды. Сонымен қатар Қарағандыда жалға алған қоймаларда 10 тоннадан астам есірткі шикізатын сақтап келген есірткі қылмысына қатысты топтың ұйымдастырушылары ұсталды. Бұған қоса тінту шаралары барысында есірткі қылмысына қатысты топ қатысушыларынан жарақаттаушы және суық қару, ірі көлемде ақшалай заттар табылып, алынды", - делінген хабарламада.

ҰҚК мәліметінше, алдын ала тергеу аталған апиын тамақ өнімдері түрінде шетелден Қазақстан аумағына кіргізіліп, есірткіге тәуелді ортада саудаланғаны анықталды.

"Жалпы қолға түскен есірткі көлемі 16 тоннадан асты. Одан әрі жедел-тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
06 қаңтар 2023 ж. 172 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Қытайда екі миллиардтан астам вакцина салынды