Заңсыз шырша кескендер жазаланады

“Бақылауды күшейту мақсатында автожолдарда, базарларда және басқа да жерлерде 300-ден астам мобильді топ құрылды. Елді мекендерде қылқан жапырақты ағаштардың сатылуын бақылау, оларды белгіленбеген жерлерде өткізуге тыйым салу, сондай-ақ тиісті тексеру жүргізіледі”, - деді ІІМ баспасөз қызметі.
Қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз сататындар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
“Жеке тұлғаларға 15 АЕК мөлшерінде, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 30 АЕК мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 50 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 150 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе ескертулер жасалады”, - деді ІІМ баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, орман ағаштарын заңсыз кесу анықталған кезде ҚР Қылмыстық кодексінде бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғары жаза көзделген.