Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда АЕК-тен бас тарту ұсынылды

Қазақстанда АЕК-тен бас тарту ұсынылды

Мәжіліс депутаты Жәмилә Нұрманбетова айлық есептік көрсеткішті (АЕК) қолданудан бас тартуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы Нұрманбетова еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова қатысқан Үкімет сағаты барысында мәлімдеді. Депутат әлеуметтік төлемдерді бір көрсеткіш бойынша аударуды ұсынып отыр.
"Тәуелсіздік табалдырығында енгізілген айлық есептік көрсеткішті (АЕК) пайдалану жалғасып келеді. Иә, бұл жоспарлауға ыңғайлы болар. Бірақ АЕК экономикаға да, жалақыға да байланысты емес. Сондықтан алдағы уақытта әлеуметтік төлемдерді бір көрсеткіш бойынша аударуды мақсатқа сай деп санаймыз. Не ең төменгі күнкөріс, не ең төменгі жалақы мөлшері шамасында", - деді депутат Мәжілістегі Үкімет сағаты отырысында.
Нұрманбетованың айтуынша, биылғы 10 айда азық-түлік инфляциясы шамамен 20 пайызға жеткен.
"Яғни, зейнетақы мен жәрдемақыны есептеу үшін белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейі енді азаматтарды тиісті әлеуметтік төлемдермен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан, министрлікке ең төменгі күнкөріс деңгейін есептеу әдістемесін жетілдіру жұмыстарын бастауды ұсынамыз", - деп қорытындылады депутат.

05 желтоқсан 2022 ж. 418 0

Өнердің өріндегі өмір

23 мамыр 2026 ж. 137

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031