2023 жылы өртсөндірушілер қанша жалақы алады? Вице-министр жауабы
Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр Марат Көлдіков 2023 жылы өртсөндірушілер мен құтқарушылар жалақысы қалай өзгеретінін айтты, - деп хабарлайды tengrinews.kz.
Бұл туралы бүгін Шығыс Қазақстан облысына іс-сапармен келген Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр Марат Көлдіков мәлім етті.
"Жалақыны көтеру жоспары үкіметпен алдын ала келісілген. Келесі жылы өсім 10-нан 70 пайызға дейін болуы керек. Бір жылдан бес жылға дейін жұмыс істейтін қызметкерлерге айына 180 мың. Одан кейін бес жылдан 10 жылға дейін жұмыс істегенедер жалақысы өседі. Еңбек өтіліне байланысты өсім жоспарланып жатыр. 15 жыл және одан да көп жұмыс істегендер үшін жалақы 300 мың теңгеден жоғары болады", - деп түсіндірді Марат Көлдіков.
Оның айтуынша, олар бірінші кезекте өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің жалақысын көтеруді жоспарлап отыр.
Еске салайық, құтқарушылар мен өртсөндірушілердің жалақысын көтеру мәселесі алғаш рет осыдан бірнеше жыл бұрын көтеріліп, жалақы 65 мың теңгеден аспаған болатын. Енді жұмысқа жаңадан кіріскен маманның ең төменгі жалақысы 110-120 мың теңгеге дейін өскен.