Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда әлеуметтік-еңбек саласындағы цифрландыру деңгейі 95%-ға жетті

Қазақстанда әлеуметтік-еңбек саласындағы цифрландыру деңгейі 95%-ға жетті

Қолжетімді 45 қызметтің 43-ін электрондық форматта алуға болады.Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрландыру деңгейі 95%-ға жетті. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі вице-министрі Ербол Оспанов мәлімдеді, деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz.
Қолжетімді 45 қызметтің 43-ін электрондық форматта алуға болады.
«Еліміз азаматтары әлеуметтік-еңбек саласында 45 мемлекеттік көрсетілетін қызметті ала алады, оның 43-і, яғни 95%-ы электрондық форматта қолжетімді, ал жартысын проактивті түрде алуға болады. Жалпы, цифрлық құралдардың арқасында жыл басынан бері азаматтар 15,6 млн мемлекеттік көрсетілетін қызметті немесе осы жылғы қазірге дейін көрсетілген қызметтердің жалпы санының 87%-ын алды. Біз бұл жұмысты үнемі жалғастыратын боламыз. Биылғы жылдың басынан бастап «Электрондық үкімет» порталында тағы 5 мемлекеттік көрсетілетін қызмет іске асырылды», – деді вице-министр Ербол Оспанов.
Осы жылы цифрландырылған қызметтерге мыналар жатады: еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда, асыраушысынан айырылған жағдайда, жүктілік пен босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау, қандас мәртебесін беру немесе ұзарту.
Сондай-ақ, 2022 жылы «Жерлеуге біржолғы төлем тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі проактивті форматқа ауыстырылды.
«Министрлік екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы қызметтерді алу мүмкіндігін іске асыру бойынша жұмыс жүргізуде. Өткен жылы бала тууына байланысты 2 қызмет іске асырылды, ал осы жылдың тамыз және қыркүйек айларында тағы 4 қызмет қосылды. Олар жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама, БЖЗҚ салымшысының қаражатының түсуі мен қозғалысы туралы ақпарат беру, асыраушысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау және өтініш берушінің АӘК алушыларына тиесілігін растайтын ақпарат беру. Іске асырылған мүмкіндіктердің арқасында 173 мыңнан астам адам мемлекеттік қызметтерді банктік қосымшалар арқылы алды», – деп бөлісті Ербол Оспанов.
Қазіргі уақытта бірнеше пилоттық жобалар іске асырылуда. Атап айтатын болсақ марапатталған көпбалалы аналарға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау процесін автоматтандыру, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ арқылы беретін әлеуметтік көмекті төлеу.
2020 жылы мүгедектігі бар адамдарға техникалық құралдар мен оңалту қызметтерін өндіруші мен жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік беретін Әлеуметтік қызметтер порталы іске қосылғанын айта кету керек. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады.
«Порталдың көмегімен 2021 жылы мүгедектігі бар адамдар 371 мыңнан астам қызмет алды, бұл көрсеткіш жыл сайын артып келеді. Мысалы, оңалту бағдарламаларын орындау 2019 жылғы 69% - дан 2021 жылы 88% - ға дейін өсті. Биылғы жылы бағдарламаларды орындау деңгейі шамамен 90% жетеді деп болжанып отыр. Бұдан басқа, оңалту және әлеуметтік қызметтер көрсету құралдарын ресімдеу қызметтері кезең-кезеңімен проактивті форматта іске асырылады, яғни оңалтудың жеке бағдарламаларында көзделген барлық шаралар автоматты түрде әлеуметтік қызметтер порталына жіберіледі», – деп хабарлады вице-министр.
Биылғы жылдың қыркүйек айында әлеуметтік салада, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру салаларында мемлекеттік қолдау шараларын проактивті тағайындауды іске асыру үшін жаңа ақпараттық жүйе – «Отбасының цифрлық картасы» жұмыс істей бастады.
Отбасының цифрлық картасының негізгі мақсаты өтініш берушіден мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетудің анықтау форматына көшу және халықтың қажеттіліктерін уақтылы қанағаттандыру болып табылады.
Отбасының цифрлық картасы мемлекеттік органдардың 24 ақпараттық жүйесімен интеграцияланған және олардың мәліметтері негізінде отбасы құрамын автоматты түрде айқындайды және өмір сүру деңгейін бағалауды қалыптастырады.
Бүгінгі таңда Отбасының цифрлық картасы арқылы жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 10 түрі бойынша қызмет алу мүмкіндігі бар, 38,7 мың азаматқа қызмет көрсетуге келісім алу үшін SMS-хабарламалар жолданды, оларға 8,7 мың адам жауап берді.
Жұмыспен қамту саласында көрсетілетін шаралар мен қызметтерге келетін болсақ, 2020 жылы пандемия жағдайында оларды Электрондық еңбек биржасы қамту орталықтарына көшу бойынша үлкен жұмыстың бір бөлігі.
2022 жылдың басынан бастап жұмыс іздеп жүрген 354 мың адам немесе олардың жалпы санының 60%-ы онлайн форматта тіркелген. Цифрлық жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмыспен қамтылғандардың үлесі 106 мың немесе 30%-ды құрады.
«Қазіргі уақытта ЭЕБ-ға 4 мемлекеттік көрсетілетін қызмет және халықты жұмыспен қамтуды қолдаудың 9 шарасы ауыстырылды. Онлайн қызметтерді іске қосу халықтың жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлерімен физикалық байланысын барынша азайтуға және азаматтар үшін қызметтердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік берді. Осы жылы ЭЕБ арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің барлық белсенді шараларын көрсетудің онлайн форматына көшу жалғасады», – деді Ербол Оспанов.
Жалпы, ЭЕБ базасында азаматтарды кәсіп таңдаудан бастап еңбек қатынастарын ресімдеуге дейінгі кәсіби жолында сүйемелдейтін бірыңғай цифрлық экожүйені қалыптастыру жоспарлануда.
«Еңбек.kz басты порталы, жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасынан басқа, жұмыспен қамту саласындағы болашақ «қызметтер супермаркетін» құрайтын тағы 4 негізгі элементті іске асырды. Олар «Skills.Enbek» онлайн-оқыту алаңы, жұмыскер мен жұмыс берушінің өзара іс-қимылы кезінде қағазбастылықты барынша азайтуға мүмкіндік беретін еңбек ресурстары порталы «HR.Enbek», «Business.Enbek» – бизнес-идеяларын іске асыруға мемлекеттік гранттар алудың барлық процестерін автоматтандыру жөніндегі платформа, сондай-ақ Армения, Беларусь, Қырғызстан және Ресейдің ұлттық ақпараттық жүйелеріне қол жеткізе алатын «Шекарасыз жұмыс» бірыңғай іздеу жүйесі» – деп хабарлады Ербол Оспанов.
14 қараша 2022 ж. 239 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 52

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930