Алматы маңында көлік жуу орталығы өртеніп, 2 адам реанимацияға түсті
Қазір олардың жағдайы ауыр.
Алматы іргесіндегі Құлжа трассасы бойында көлік жуу орталығы өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, 12 қарашада сағат 21.02-де Еңбекшіқазақ ауданы Бәйтерек ауылы Құлжа трассасының 27-шақырымында «Арсамақов» ЖК көлік жуу орталығы өртке оранған.
«Өрт сағат 21:59-да оқшауланып, сағат 22:49-да сөндірілді. Өрт сөндіру бөлімшесі жеткенше, денесін 30% күйік шалған 1982 жылғы әйел Есік қаласының орталық аудандық ауруханасына жіберілген. Кейін сағат 23:10-да денесін 30% күйік шалған 1996 жылғы ер адам өз бетімен ауруханаға жүгінеді. Қазір олардың жағдайы ауыр, реанимация бөлімшесінде жатыр», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.