Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрмысы төмен отбасылардың балаларына арнайы мектептерде оқу үшін квота бөлінеді

Тұрмысы төмен отбасылардың балаларына арнайы мектептерде оқу үшін квота бөлінеді

Тұрмысы төмен отбасылардың балаларына "БИЛ", "Дарын" және мамандандырылған мектептерде оқу үшін жыл сайын 15% квота бөлінеді. Бұйрыққа оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов қол қойды.
"Бұл құжат әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға мамандандырылған мектептерге түсу үшін 15 пайыз квота алуға мүмкіндік береді. Яғни енді осындай отбасылардан шыққан 1500-ға дейін бала жаңа квота бойынша "БИЛ", "Дарын" және т.б. мектептерге оқуға түсе алады", - деп жазды Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында.
Бұған дейін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ұсыныстары аясында колледждер мен жоғары оқу орындарына түсуге осыған ұқсас квоталар енгізілген болатын. Сол шешімнің арқасында мыңдаған бала оқуға түсті.
Айта кетері, биылдан бастап ел тарихында алғаш рет халықаралық пәндік олимпиадалардың 27 жеңімпазы 4,5 млн теңгеге дейін сыйақы алды.
11 қараша 2022 ж. 344 0

Отаныңа қызмет ет!

09 мамыр 2025 ж. 133

Қимылдаған, қыр асады

08 мамыр 2025 ж. 122

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031