Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Енді әлеуметтік осал топтан шыққан балалар да мамандандырылған мектептерде оқи алады

Енді әлеуметтік осал топтан шыққан балалар да мамандандырылған мектептерде оқи алады

Елімізде дарынды балалардың әлеуетін ашуға жағдай жасалып жатыр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасына жазды, деп хабарлайды inform.kz.
Сондай-ақ ол биылдан бастап ел тарихында алғаш рет халықаралық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары (2022 жылы 27 жеңімпаз) 4,5 млн теңгеге дейін сыйақы алғанын жеткізген.
«Сонымен қатар бұған дейін дарынды балаларды да, әлеуметтік осал топтан шыққан балаларды да қолдауда меритократия тепе-теңдігін сақтаудың маңыздылығын көрсететін халықаралық зерттеулер туралы айтқан болатынмын.
Мемлекет басшысы әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларды қолдау және білім берудің инклюзивтілігін дамыту жөнінде тапсырма берді. Осы тапсырма аясында тиісті бұйрыққа қол қойдым. Бұл құжат әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға мамандандырылған мектептерге түсу үшін 15 пайыз квота алуға мүмкіндік береді», - деп жазды министр.
Яғни енді осындай отбасылардан шыққан 1500-ге дейін бала жаңа квота бойынша «БИЛ», «Дарын» және т.б. мектептерге оқуға түсе алады.
Асхат Қанатұлы бүгінгі таңда жаңа бұйрықтың арқасында әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балалар осындай мамандандырылған мектептерге қабылданғанын мәлімдеді. Тұрмысы төмен болғандықтан қосымша білім алуға мүмкіндігі жоқ балалар үшін осындай мектептерде оқуға мүмкіндік беру олардың болашақтағы жетістіктеріне оң әсер ететініне сенім бар.
«Бұған дейін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ұсыныстары аясында колледждер мен жоғары оқу орындарына түсуге осыған ұқсас квоталарды енгізген болатынбыз. Сол шешімнің арқасында мыңдаған балалар оқуға түсті.
Біз жас дарындарға да, өзін әлі көрсете алмағандарға да тең жағдай жасауымыз керек. Ал ұстаздарымыз озат балаларға да, оқуда үлгерімі нашар болса да, қолдау мен жылы сөзге мұқтаж балаларға да мейіріммен қарайды деп үміттенемін», - деді А.Аймағамбетов.
11 қараша 2022 ж. 260 0

Сенімі нық сарбаздар

07 мамыр 2024 ж. 36

Ел үмітін ер ақтар

07 мамыр 2024 ж. 37

Әскердегі әсерлі сәт

07 мамыр 2024 ж. 38

Алматтың айтқандары

06 мамыр 2024 ж. 71

Табиғаттың тілі жоқ

05 мамыр 2024 ж. 118

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031