Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл университеттерге 73 мың грант бөлінеді

Биыл университеттерге 73 мың грант бөлінеді

Талапкерлер арасында сұранысқа ие және қажетті мамандықтарға жаңа гранттар бөлінеді. Биыл жоғары оқу орындарына берілетін білім грантының саны 73 мыңға дейін артады. Осылайша жоғары оқу орындары мен колледж студенттерінің көп бөлігі мемлекет есебінен тегін оқу мүмкіндігін алады.
Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.
"Президент қолдауының арқасында мектеп түлектерінің бюджет есебінен оқуға мүмкіндігі артып келеді. Колледждерде білім алу үшін биыл білім беру гранттарының саны да рекордтық көрсеткішке, яғни 31 мың грантқа дейін ұлғайып отыр. Гранттардың басым бөлігі техникалық мамандықтар бойынша беріледі. Емтихандарды алып тастадық және азаматтардың әлеуметтік осал санаты үшін арнайы квоталарды енгіздік", - деді Аймағамбетов.
Гранттар барлық колледжге берілмейді. Студент грантты жеңіп алып, белгілі бір колледжді таңдайды. Осылайша қаржыландыру студент таңдаған колледжге жіберіледі. Бұл жерде "ақша студенттің соңынан ереді" деген қағида жұмыс істейді. Бұл кадрларды даярлау бойынша колледждердің бәсекеге қабілеттілігін арттырады.
Айта кетері, гранттарды бөлу кезінде халықтың әлеуметтік осал тобынан шыққан балаларға арналған квоталар саны ұлғайтылады. Яғни көпбалалы немесе толық емес отбасылардың балалары, сондай-ақ ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыдан шыққан үміткерлердің грант алу мүмкіндігі әлдеқайда жоғары.
Сондай-ақ студенттер арасында сұранысқа ие және қажетті мамандықтарға жаңа гранттар бөлінеді.

19 сәуір 2022 ж. 762 0

Өнер мен өнеге ұштасқан

25 сәуір 2026 ж. 113

Бағыты оң бағдарлама

25 сәуір 2026 ж. 105

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930