Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан азаматы болам дегендер қазақ тілінен емтихан тапсыруға тиіс – премьер

Қазақстан азаматы болам дегендер қазақ тілінен емтихан тапсыруға тиіс – премьер

Қазақстан азаматы болғысы келетіндер енді қазақ тілінен емтихан тапсыртуға міндетті болады. Үкімет осындай заң жобасын шығарды деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі “Власть” сайтына сілтеме жасап.
Премьер-министр Әлихан Смайылов “көптеген елде шетелдіктер азаматтық алу үшін сол елдің мемлекеттік тілі мен тарихын жақсы білетіндерін дәлелдеуі керек, сондықтан емтихан тапсыруға тиіс” дейді. Оның ойынша, мемлекеттік тілді білу сол елдің қоғамына тез сіңісуге көмектеседі.
“Сондықтан Қазақстан азаматы болам дегендерге осындай емтихандар тапсыртуымыз қажет. Енді біздің азаматтығымызды алғысы келетіндер осы шарттарға сай болуға тиіс”, – дейді үкімет басшысы.
Бірақ, Смайыловтың сөзінше, кей адам емтихан тапсырмай-ақ азаматтық ала алады екен. Олар: этникалық қазақтар, кәмелет жасына толмағандар, Қазақстанда жақын туыстары тұрып жатқандар, жұбайы қазақ немесе Қазақстан азаматы, еліміздің еңбегі сіңген тұлғасы.
Бұрын қазақ тілі, Қазақстан тарихы пен заңнамасының негізгі баптарын білмеу азаматтық бермеуге негіз бола алады деген заң жобасы шыққан еді.
10 қараша 2022 ж. 255 0

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 83

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930