Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Шешім қабылданды": мектеп түлектері емтихан тапсыра ма?

"Шешім қабылданды": мектеп түлектері емтихан тапсыра ма?

Қазіргі кезде білім және ғылым министрлігінің арнайы бұйрығы дайындалып жатыр. КариноваМектептерде емтихан өткізу Бұл туралы білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Үшінші тоқсаннан бастап 9-11 сынып оқушыларын офлайн форматқа ауыстырдық. Оның негізгі себебі – алдағы емтихандар. Бүгінде мектептер де, оқушылар да қорытынды емтиханды тапсыруға дайындалып жатыр. Бұл – барлығына қажетті аттестация. Соның нәтижесінде негізгі және орта білім туралы аттестат беріледі", - деді Каринова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.
Оның айтуынша, қазіргі кезде білім және ғылым министрлігінің арнайы бұйрығы дайындалып жатыр.
"Біздіңше, биыл қорытынды аттестация өтеді. 9-сыныптар үш емтихан тапсырады. Соның ішінде тіл және математика бар. Ал 11-сыныптар төрт емтихан тапсырады. Барлығы министрдің бұйрығында көрсетілген. Сондықтан мектеп түлектері емтихан тапсырады деген шешім қабылданды. Алайда бір маңызды мәселені ескерген жөн, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты тиісті шешімдер қабылданады", - деп түйіндеді Каринова. 
Айта кетейік, өткен жылы 9-11 сынып оқушылары емтихан тапсырудан босатылды. Барлығына жылдық бағаның негізінде аттестат берілді.
28 наурыз 2021 ж. 2 669 0

Жасөспірім және заң

27 қаңтар 2026 ж. 137

Ерлікке толы ғұмыр

27 қаңтар 2026 ж. 135

Халыққа қолайлы қызмет

27 қаңтар 2026 ж. 145

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031