Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздің 13 өңірінде ескерту жарияланды

Еліміздің 13 өңірінде ескерту жарияланды

Атап айтқанда, Астана қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.«Қазгидромет» РМК 8 қарашада ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Атап айтқанда, Астана қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Жетісу облысының таулы және тау етегіндегі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 8-10 қарашада түнде және таңертең таулы жерде тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында және таулы аудандарында екпіні 25 м/с жетеді.
Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Тау жерде сондай-ақ тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 25 м/с артады. Күндіз ауа температурасы +2+7 жылыға дейін, солтүстікте және таулы аймақтарда -4 градусқа дейін күрт төмендеуі ықтимал.
Алматы қаласында кей уақытта катты жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +5+7 градус жылыға дейін төмендейді.
Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Түнде облыстың орталығында, шығысында көктайғақ болады.
Түнде және таңертең Ақмола облысының оңтүстік жартысында тұман күтіледі.
Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман болжанады.
Маңғыстау облысының солтүстігін тұман басып, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші күндіз батыста 15-18 м/с жетеді.
Түнде Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Өңірдің солтүстігі мен батысында көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, тау асуларында күші 15-20 м/с артады.
Шымкент қаласында түнде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Кей уақытта тұман күтіледі.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысы мен оңтүстігінде тұман болады.
Павлодар облысының солтүстігінде, батысы мен шығысында тұман болжанады.
Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігі мен шығысында тұман күтіледі.
08 қараша 2022 ж. 294 0

Мәдени мұра

18 сәуір 2024 ж. 72

Жанға жайлы демалыс

18 сәуір 2024 ж. 76

Қалдықсыз болашақ

18 сәуір 2024 ж. 59

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930