Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Компьютерде жойылған файлдарды қалпына келтіруге болады

Компьютерде жойылған файлдарды қалпына келтіруге болады

Файлдарды жою қағазды отқа тастаумен бірдей емес. Жойылды деген файлдар қоқыс жәшігіне тасталған затқа ұқсайды. Егер қаласаңыз, оны қайтадан жұмыс үстеліне шығаруға болады. Мұның қалай жұмыс істейтінін SlashGear агентігіне сілтеме жасай отырып, aikyn.kz хабарлайды.
Адам өмірінің көп бөлігі технологияны пайдалануға байланысты болса да, көпшілік оның қыр-сырын біле бермейді. Технология жылдам дамуда және оған ілесу қиынға соғатын болғандықтан түрлі аңыз да тез тарайды. Сол аңыздың кейбірі ақиқатқа жақын болғанымен бір адамнан келесі адамға жеткенше шындық бұрмаланады.
Сондай мифтердің бірі – компьютерден файлды жойған кезде ол мүлдем жоғалады деген сенім. Бірақ шынымен солай ма? Жоқ.
Файл жойылғанда компьютер оны өшірмейді. Фото Shutterstock сайтынан алынды
Файл жойылған кезде, компьютер оны шынымен өшірмейді. Оның орнына, компьютер жойылуға жіберілетін файлдың алатын орнын жаңа файлдар үшін қолжетімді деп белгілейді. Жаңа деректер жазылмайынша, ол іс жүзінде жойылмайды.
Себебі файлды өшіру оның үстіне жазу сияқты көп күш-қуатты қажет етеді. Сонымен, уақытты және өңдеу қуатын үнемдеу үшін жаңа файл жазылмайынша ескі (жойылды деген файл) файл компьютерде тұра береді.
Егер қолданушы маңызды құжатын кездейсоқ жойып алса оны қалпына келтіруге болады. Тек жаңа файлдар ескінің орнына әлі қайта жазылмаса болғаны. Жойылған файлды шығарып алу үшін интернетте бірқатар қызметтер бар. Дегенмен, ниеті жаман адамдар да жақында жойылған файлдарды қалпына келтіре алады. Осыған сақ болу керек! Бұл әсіресе, қатқыл дискіні ауыстырып жатқанда маңызды.
07 қараша 2022 ж. 476 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 154

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 208

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 179

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 157

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 175

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930