Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық банк Мәншүк Мәметоваға арнап монета шығарды

Ұлттық банк Мәншүк Мәметоваға арнап монета шығарды

Ұлттық банк «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» монеталар сериясынан MÁNSHÚK MÁMETOVA. 100 JYL коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, – деп хабарлайды aikyn.kz.
Монеталардың сатылымға түсетін күні Ұлттық банктің ресми сайтында қосымша жарияланады.
MÁNSHÚK MÁMETOVA. 100 JYL коллекциялық монеталары туралы
Ұлттық банк Мәншүк Мәметоваға арнап монета шығарды
Монета Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың 100 жылдығына орай шығарылды.
Монета бет жағының (аверсінің) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының Елтаңбасы, оның сол жағы мен оң жағында ұлттық ою-өрнек элементтері бейнеленген. Айналдыра QAZAQSTAN ULTTYQ BANKI • NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN деп жазылған. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін 100 TEŃGE жазуы бар.
Монета сырт жағының (реверсінің) орталық бөлігінде Мәншүктің мүсіндік портреті, оның сол жағында – Кеңес Одағы Батырының алтын жұлдызы, сондай-ақ туған жылы мен мерейтойлық күнді білдіретін «1922» және «2022» деген жазулар бар. Оң жағында Мәншүк Мәметова ерлік жасап, қаза болған «НЕВЕЛЬ» қаласының картасы мен жазуының стильдендірілген бейнесі берілген. Монетаның жоғарғы бөлігінде «Кеңес Одағының Батыры» деген жоғары мемлекеттік наградасына ұсыну анықтамасының айшықты мәтіні басылған.
Номиналы 100 теңгелік MÁNSHÚK MÁMETOVA. 100 JYL коллекциялық монеталары brilliant uncirculated сапасында мельхиор қоспасынан тұрады, массасы – 15 грамм, таралымы – 15 000 дана.
Коллекциялық монетаны барлық банктерде аударып, ұсақтап, айырбастауға болады.
Коллекциялық монеталар Қазақстанның Теңге сарайында жасалған.
04 қараша 2022 ж. 481 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930