Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемді мейірім құтқарады

Әлемді мейірім құтқарады

Елімізде «Қайырымдылық керуені» республикалық бай­қауы басталды. Биыл бесінші рет өтетін шара ел ішіндегі жү­регі жомарт, пейілі кең, көңілі дархан жанашыр жан­дарды, ел басына күн туғанда қайсар мінез танытып, қалт­қысыз қызмет қылатын ұжым­­дарды анықтауға ба­ғыт­­талған.
Байқауға өтінім биылдың 30 желтоқсанына дейін қабылда­нады. Әлеуметтік, қоғамдық мә­се­лелерді шешуге сүбелі үлес қосатын, қоғамды игі іс жасауға ынталандыратын жеке және заңды тұлғалар байқауға қатыса алады. Ал кәсіпкерлік субъек­ті­лері, мемлекеттік қолдауға (мем­ле­кеттік грант, мемлекеттік тап­сырыс және т.б.) ие қайырым­ды­лық ұйымдары конкурсқа қатыса алмайды. Шараны Астана қа­ласының әкімдігі, Назарбаев қоры мен Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы жүзеге асырады.
«Қайырымдылық керуені» – дәстүрге айналған шара. Жылы сайын өтіп жатқан игі шараны қалалық әкімдік тұрақты түрде қол­дап келеді. Мұндағы мақсат – жақсылық жасауға асығатын жана­шыр жандарды, меценат­тарды, ұйымдарды біріктіру, қайырымдылық жасауды дәстүрге айналдыру. Еліміздегі мұқтаж жандарды, көмекке зәру отба­сыларды қолдау кім-кімнің бол­сын азаматтық парызы. Ал осы салада атқарылып жатқан игі бас­тамаларды ынталандыру, мара­паттау, қала берді жүйелеу үшін осындай конкурстар тұ­рақты түрде өткізілуі керек», – дей­ді қалалық ішкі істер саяса­тының басшысы Дәурен Бабамұратов.
Қазақстан әйелдерінің күші альянсы төрайымының орын­басары Баян Тойкебаева биыл байқау аясында 7 аталым бел­гіленгенін атап өтті.
19 қазан 2022 ж. 257 0

Аудан тұрғындарының назарына

11 желтоқсан 2025 ж. 217

Шәкен ауылына су келді

11 желтоқсан 2025 ж. 152

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031