Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қар жауып, көктайғақ болады: Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды

Қар жауып, көктайғақ болады: Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды

Циклон жырасының әсерінен және атмосфералық фронттардың өтуімен демалыс күндері еліміздің көп бөлігінде жаңбыр жауады, солтүстік аймақтарда жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде жауады деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі.
Қазгидромет синоптиктерінің болжамынша, атлантикалық аймақтардан антициклонның енуімен ауа температурасының біртіндеп төмендеуі және жаңа аптаның басы қарай жауын-шашынның тоқтауы күтіледі.
“Елдің оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттармен осы аптаның соңына дейін жаңбыр жауады. Республика бойынша желдің күшеюі күтілуде, елдің шығысында, солтүстігінде, батысында – тұман, солтүстігінде – көктайғақ болжанады", - делінген аталған хабарламада.
Қазақстанның батыс өңірлерінде түнде ауа температурасы +10 градустан -3 градусқа дейін салқындайды. Күндіз термометр бағаны 8-15 градус аралығында болады. Ал, оңтүстік-батыста 20 градус нөлден жоғары.
Еліміздің солтүстік пен орталық бөлігінде түнде ауа температурасы -3 градусқа дейін суыса, күндіз 5-14 градус нөлден жоғары.
Шығыс облыстарда түнде 5 градусқа дейін аяз болады. Күндіз ауа температурасы 10-21 градус аралығында.
Республиканың оңтүстігінде түнде 0-11 градус, күндіз 15-23 градус жылы болады.
Оңтүстік-шығыста түнде 3 градусқа дейін салқындаса, таулы аймақтарда -5 градус аяз болады. Күндіз 7-20 градус нөлден жоғары.
14 қазан 2022 ж. 497 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 156

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031