Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «7-20-25» орнына балама бағдарлама қарастырылып жатыр

«7-20-25» орнына балама бағдарлама қарастырылып жатыр

Сонымен қатар министр жақын арада жаңа ипотекалық бағдарламаны таныстыру жоспарланып отырғанын айтты.Қазақстанда «7-20-25» бағдарламасына балама ретінде жаңа ипотекалық бағдарламаны іске қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты.
Үкімет отырысынан кейін тілшілер министрден жаңа ипотеканы іске қосу мүмкіндігі туралы сұрады.
«Бірінші кезекте халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарының қамтамасыз етілуіне алаңдаймыз. Алайда біз халықтың негізгі бөлігін, яғни жұмыс істеп, отбасы құрып жатқан тұрғындарды ұмытып жатамыз. Біз оларды қамтамасыз ету үшін қазір отбасының цифрлық портреті арқылы атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді қарастырып жатырмыз. Санаттар бойынша жіктелмейді», - деді Қ. Өскенбаев.
Осы орайда ол әр отбасының жағдайына қарай жеке-жеке көмек көрсету ескерілгенін айтты. Бірақ бұл бастама әлі де пысықталып жатыр. Отбасының цифрлық портреті жасалды. Алдағы уақытта оның мазмұны толықтырылады.
Сонымен қатар министр жақын арада жаңа ипотекалық бағдарламаны таныстыру жоспарланып отырғанын айтты.
«Оны таяу уақытта таныстырамыз. Яғни ол құжат заң аясында қарастырылып жатыр. Ең бастысы, бағдарлама бойынша бастапқы жарна мен 7 пайыздан аспайтын қолайлы мөлшерлеме ескерілуі керек. Атап айтқанда, біз 7 пайыздан аспайтын деңгейді белгілеуге тырысамыз», - деді ведомство басшысы.
11 қазан 2022 ж. 315 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 146

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 202

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 171

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 150

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 165

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930