Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ресейдегі мобилизацияға Қазақстан азаматтары шақырылып жатыр ма – СІМ жауап берді

Ресейдегі мобилизацияға Қазақстан азаматтары шақырылып жатыр ма – СІМ жауап берді

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Ресейдегі әскерге Қазақстан азаматтарын шақыру жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды inform.kz.
Бұған дейін Санкт-Петерборда тұратын Қазақстан азаматы әскерге шақырту алғаны хабарланған еді.
«Өткен аптада Қазақстан азаматтарына шақыру қағаз келіп жатқаны туралы ақпарат болды. Шын мәнінде, бұл аралықта бізге бір ғана азаматымыз жүгінген еді. Бұл оқиғаның өзі Мәскеу қаласында болған. Сондықтан, бұқаралық ақпарат құралдарына келіп жатқан түрлі хабарламаларға сенбеуді сұраймыз», - деді Айбек Смадияров министрлікте өткен брифингте.
Ресми өкілдің айтуынша, мұндай фактілер болған күннің өзінде шақырту азаматтыққа өтініш білдіргендерге келуі мүмкін.
«Яғни РФ азаматтығына құжат тапсырғандардың мәліметі дерекқордан шығуы мүмкін, қос азаматтығы болып, бірақ Ресей азаматтығы бар екенін мойындамайтындар да бар. Осылайша олар күрделі жағдайдан қашу үшін өздерін Қазақстан азаматымыз деп атай бастайды», - дейді ресми өкіл.
10 қазан 2022 ж. 371 0

Қауіпсіздік – басты назарда

03 қыркүйек 2025 ж. 166

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930