Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жас дарындарды қолдауға арналған қандай мемлекеттік сыйлықтар бар?

Жас дарындарды қолдауға арналған қандай мемлекеттік сыйлықтар бар?

2023 жылы президент тапсырмасымен жастарға арналған жаңа мемлекеттік сыйлық тағайындалады.Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов Орталық коммуникация қызметінде өткен брифингте жастарды қолдауға бағытталған шаралар туралы әңгімеледі.
Оның айтуынша, Қазақстанда жас жазушылар мен драматургтерге арналған "Айбоз" сыйлығы, сазгерлерді қолдайтын "Дала дауысы" ұлттық сыйлығы және өнер саласындағы жетістіктер үшін марапаттайтын Umai сыйлығы бар.
"Дала дауысы" жобасы композиторларды қолдау мақсатымен қолға алынған. Оның қорытындысы желтоқсан айында шығарылады. Сыйлықпен опера жанрында, халық аспаптарында тың туындылар жазып жүрген сазгерлер марапатталады. Сондай-ақ, оның аясында "Республика әні" атты эстрадалық өнер жүлдесі де беріледі.
Umai сыйлығы Қазақстанның шығармашылық ұжымдары мен жекелеген өнер қайраткерлеріне елеулі шығармашылық табыстары мен кәсіби жетістіктері үшін "Театр өнері", "Музыкалық орындаушылық өнер", "Хореографиялық өнер", "Театрдағы бейнелеу өнері" сияқты 4 номинация бойынша табыс етіледі. Сыйлықтың жалпы жүлде қоры – 54 млн теңге. Биыл "Балалар жылына" орай сыйлық аясында "Үздік балалар спектаклі" деген арнайы жүлде тағайындалған.
"Айбоз" ұлттық әдеби сыйлығы келесі 7 аталым бойынша беріледі: "Үздік проза", "Үздік поэзия", "Үздік драма", "Үздік көркем аударма", "Үздік балалар әдебиеті", "Үздік комикс" және "Кітаптың үздік дизайны". Байқау жүлдегерлеріне 5 миллион теңгеден қаржылай сыйлық табысталады. Жеңімпаз авторлардың ең­бек­тері 500 данамен жарық көреді.
Бұл тізімді 2023 жылы жаңа сыйлық толықтырады.
05 қазан 2022 ж. 452 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 146

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 202

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 171

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 150

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 165

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930