Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Киелі Тайқазан отандық мультфильмге арқау болды

Киелі Тайқазан отандық мультфильмге арқау болды

"Тайқазан хикаясы" қысқаметражды анимациялық фильмі 2D форматында түсіріліп жатыр.Қазақстандық режиссер-аниматор Қуаныш Нағыз "Тайқазан хикаясы" атты мультфильмді түсіріп жатыр. Анимациялық туынды киелі тайқазанды қайтарып алу үшін жолға аттанып, зұлым жаумен шайқаста қайсар батырлық көрсеткен жас батыр туралы баяндайды.
"2007 жылы мен "Алтын жебе" анимациялық фильмдер фестиваліне қатыстым, ол кезде Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА үшінші курс студенті едім. Фестиваль шеңберінде барлық қонақтарды Түркістанды аралатып, Қожа Ахмет Яссауидің кесенесіне алып барды. Сол кезде киелі тайқазанды алғаш көріп, үлкен әсер алдым. Осыдан шамамен екі жыл бұрын тайқазан туралы мультфильмді түсіруді ойлап, барлық деректермен танысып шықтым. Кейін сценарий жазып, осы жазда Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының сценарийлер байқауына қатыстым", – деді режиссер Қуаныш Нағыз.
Режиссердің айтуына қарағанда, "Тайказан хикаясы" комедиямен аралас түсірілетін шытырман оқиғалы мультфильм. Сонымен қатар ол дайындық кезеңі барысында үлкен жұмыстар атқарылғанын, фильмнің негізгі персонаждары салынғанын, сондай-ақ жобаның сызба нұсқасы түсірілгенін хабарлады. Бүгінде жас мультипликатор негізгі локацияларды салып, кейбір сахналарды қозғалыспен көркемдеп жатыр.
2D форматында түсіріліп жатқан "Тайқазан хикаясы" қысқаметражды анимациялық фильмді Ұлттық киноны қолдау орталығы қолдауымен Sugur кинокомпаниясы түсіруде. Аталған мультфильмнің түсіру жұмыстары 2022 жылы қараша айында аяқталады.
04 қазан 2022 ж. 500 0

Әр түйірінде шипа бар

17 қаңтар 2026 ж. 143

Тағылымға толы жүздесу

17 қаңтар 2026 ж. 160

Тәртіп – тәрбие бастауы

17 қаңтар 2026 ж. 159

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031