Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ресей-Қазақстан шекарасында мобилизация пункті ашылады

Ресей-Қазақстан шекарасында мобилизация пункті ашылады

Ресейдің Астрахань облысының Қазақстанмен шекара бекетінде мобилизациялық пункт ашылады, деп жазады ресейлік Коммерсант басылымы.
Ресей үкіметінің хабарламасын келтірген басылым шекарадағы өткізу пункттерінде азаматтарды жеке-жеке мобилизация тізіміне енген-енбегенін тексеріп, енген жағдайда ары қарай өткізбей жатқанын хабарлады.
Ресейдің көрші елдермен шектесетін шекараларының барлығында елден шыққысы келгендердің бірнеше шақырымға созылған кептелісі әлі сейілген жоқ. Кремль азаматтардың шетел асуын тоқтату үшін түрлі шара қабылдап жатыр.
Мәселен, кеше Финляндиямен шекарадағы "Торфяновка" бекетінде шақыру пункті ашылған. Грузиямен шекардағы "Верхний Ларс" бекетінде азаматтар шекараны заңсыз кесіп өтуге тырысқан жағдайға деп оқ өткізбейтін әскери техника қойылған. Солтүстік Осетяда тіпті елден шығуға шектеп қойылды.
Ресей билігі мобилизацияға енетін азаматтардың елден шығуына байланысты нақты ештеңе айтпай отыр. Қорғаныс министрлігі азаматтар қозғалысына шектеу жоқ десе, дума депутаты Вячеслав Володин мобилизация туралы заңға сәйкес, әскери есепте тұрған азамат әскери комиссариат рұхсатынсыз тұрғылықты жерінен шыға алмайтынын айтады.
29 қыркүйек 2022 ж. 320 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930