Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ashyq қосымшасындағы олқылықтар үшін вице-министр кешірім сұрады

Ashyq қосымшасындағы олқылықтар үшін вице-министр кешірім сұрады

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов 20 мамырда Ashyq қосымшасының жұмысындағы олқылықтар үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.\

"Ashyq-пен болған олқылықтар мен техникалық мәселелерінің азаматтарға әкелген қолайсыздықтары мен проблемалары үшін кешірім сұрағым келеді. Мемлекет Ashyq жүйесін қабылдады, соңғы күндері толық сүйемелдеуге көшу және "Ұлттық ақпараттық технологиялар" операторына бейімделу жүріп жатыр. Енді техникалық мәселелер бойынша мәселені біздің ұлттық оператор қадағалайтын болады. Барлық жоғары санаттағы мамандар сервистердің тұрақтылығы мен жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз етеді деп ойлаймын", - деді Әсет Тұрысов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Сондай-ақ, оның сөзінше, қазақстандықтар өз статустарын Aitu мобильді қосымшасы арқылы тексере алады. Одан бөлек, министрлік басқа да қосымшалардың өкілдерімен келіссөздер жүргізіліп жатыр.

"Бірақ мұнымен тоқтап қалмаймыз, екінші деңгейлі банктермен келіссөздер жүргізілуде. Қызмет басқа да танымал қосымшаларда қолжетімді болу үшін жұмыстар істелініп жатыр, - деп атап өтті вице-министр.
Еске салсақ, 20 мамырда Ashyq қосымшасының жұмысында техникалық ақаулар байқалды.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жұмыстағы олқылықтар қосымшаны "ҰАТ" АҚ серверлеріне ауыстырумен байланысты екенін мәлімдеді.
24 мамыр 2021 ж. 421 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 97

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930